Central AsianResearch Index
Keruen2025

Қазіргі қазақ әңгімелеріндегі қуыршақ феномені

Қуыршақ ғылымның әртүрлі салаларындағы зерттеушілердің назарын аударып келеді, өйткені қуыршақ ежелден бері адамға қатысты өмірдің маңызды аспектілерінде көрініс тауып отырады. ХХ ғасырдан бастап бұрын тұрмыстық, салт-дәстүрлік, діни бағытта ғана қолданылған қуыршақтың бүгінде сан түрлі қызметтері қалыптасты. Бүгінгі таңда сурет пен сәулет өнері, театр, философия мен әдебиетте, техника мен технологияда қуыршақ құрал әрі ғылыми нысан ретінде қолданылады. Мақалада әдебиеттегі қуыршақ образының ойын элементі, мистика, жанама мінездеме беруші ретінде шығармаларға арқау болуы талданады. Қазіргі қазақ әңгімелеріндегі қуыршақ образы жан-жақты пайымдалады. Көркем туындылардағы қуыршақ бейнесі, оның мазмұндық, көркемдік ерекшеліктері ғылыми еңбектердегі тұжырымдармен салғастырыла сараланады. Қуыршақтың әдебиеттегі көркемдік табиғатын толықтай ашу мақсатында типологиялық, функционалдық қызметтері сөз болады. Зерттеу барысында қуыршақтың антропоморфты ойыншық ретінде ерекше орын алатыны анықталып, бұл қасиеті оның балаларға ғана емес, ересектерге де қатысты екені дәлелденеді. Кейіпкер образын толықтырудағы қуыршақтың рөлі нақты мысалдар түрінде талданады. Мұхтар Мағауиннің «Қуыршақ», Алмаз Мырзахметтің «Қуыршақ», Лира Қоныстың «Қош, Күнекей» және «Неміс тілі апайы», Айгүл Жұбаныштың «Қуыршақ» әңгімелері аясында шығарма авторларының қаламгерлік ерекшеліктері, мотивтері сараланады. Қазіргі қазақ прозасындағы қуыршақ феноменінің көркемдік сипатын зерттеу арқылы қазақ әдебиеттануының бағыт-бағдары анықталып, қазақ қаламгерлерінің қуыршақ образын ашудағы және образдар әлемін байытудағы авторлық ізденістері айқындалады.

Сведения

Журнал
Keruen
Опубликовано
2025 · Т. 89, № 4, С. 195-207
Язык
Казахский
Цитирований
1
ISSN
2078-8134 · 2790-7066
Издатель
Institute of Literature and Art named for M. Auezov