Central AsianResearch Index
Keruen2025

Айтыс өнеріндегі наным-сенімдердің көрінісі

Айтыс – тек сөз өнерінің жарысы ғана емес, сонымен қатар халықтың діни нанымдары мен ғұрыптық дәстүрлерінің көрініс тапқан рухани мұрасының бірі. Айтыстың жанрында ақындар дайын мәтінге емес, тыңдаушылардың алдында туындаған ойға, жағдайға, қарсыласының сөзіне жауап ретінде экспромт түрінде жыр шығаруы басты ерекшелігі болып табылады. Мақалада қазақ айтыс өнеріндегі наным-сенімдердің көркемдік және дүниетанымдық қыры жан-жақты талданады. Зерттеу барысында бәдік, жар-жар, аужар, өлі мен тірінің айтысы, қайымдасу сияқты жанрлардың түпкі нанымдық негіздері сараланып, олардың халық тұрмысындағы магиялық-ғұрыптық қызметі айқындалады. Бәдік өлеңдеріндегі ауруды сөзбен қуу, киелі орынға көшіру, дұға арқылы арылту сияқты сенімдер исламға дейінгі дәстүрлер мен исламдық ұғымдардың тоғысқанын дәлелдейді. Ерте кезде дерттерін әрі өзге де көптеген түйткілдерін жыр арқылы шешуге болады деп нық сенген. Осы негізде бата жанры пайда болды деген ғылыми тұжырымдар кездеседі. Бата екіге бөлінеді: оң бата және кері (қарғыс) бата. Оң бата – ақ тілек емес, ал кері бата – теріс тілек, яғни жаман сөз түрінде айтылған. Мақалада Қаба мен Таутан, Шортанбай мен Орынбай ақындардың айтыстары талданып, бата сұрау, пірге сыйыну дәстүрлері арқылы діни түсініктердің айтыстағы көрінісі ашылады. Авторлар айтыстың әлеуметтік-тәрбиелік маңызына да тоқталып, бата мен пір ұғымдарының халық дүниетанымындағы киелі мәнін көрсетеді. Бұл зерттеуде айтыстағы наным-сенімдер жүйеленіп, жаңа қырынан талданады.

Сведения

Журнал
Keruen
Опубликовано
2025 · Т. 89, № 4, С. 186-194
Язык
Казахский
Цитирований
1
ISSN
2078-8134 · 2790-7066
Издатель
Institute of Literature and Art named for M. Auezov