Әдебиеттегі деталь табиғаты мен қызметінің зерттелуі
Бүгінгі әдебиеттану ғылымында «мәтін коды», «микрообраз», «көркемдік компонент», «стилистикалық элемент», «көркем шығарманың кілті» ретінде танылып, аталып жүрген детальді поэтикалық құрылымның маңызды бөлшегі ретінде қарастыру өзекті мәселеге айналып отыр. Сол себепті бұл мақала қазіргі қазақ әдебиеттану ғылымындағы детальдің көркемдік қызметі мен табиғатын зерттеп, зерделеу деңгейін анықтауды мақсат етеді. Осы бағытта аталған мәселені қарастырған зерттеуші ғалымдардың еңбектері хронологиялық ретпен жүйеленіп, сараланады. Зерттеу идеясы – көркем шығармада маңызды қызмет атқаратын детальдің (психологиялық тонды беретін, образ тұтастығын қалыптастыратын, мәтінді жанды әрі шынайы ететін т.б.) отандық ғылымда өз дәрежесінде зерттеліп, зерделенуіне баға беру. Авторлар деталь ұғымының теориялық негіздерін саралай отырып, оны жан-жақты қарастырған ғалымдар еңбектеріне сараптама жасап, ғылыми пайымдаулар мен байламдардың негізділігін ажыратуға талпынады. Салыстыру, талдау әдістерін пайдалана отырып, деталь теориясын әртүрлі аспектіде қарастырып, ұлттық классификациясын жасап, типологиясын берудің қажеттілігін атап көрсетеді. Соның ішінде ұлттық проза үлгілеріндегі детальдің семантикалық, құрылымдық функциясын зерттеу қажеттілігі айқындалады. Отандық ғылымдағы деталь жөніндегі зерттеу еңбектерді жүйелеп, ғылыми жаңалығы мен ерекшеліктерін ажыратып көрсетіп, жаңаша қырынан қарастыру және сол арқылы детальдік сипаттардың зерделенуі негізінде ұлттық поэтиканың өзгешелігін тануға негіз қалануы жұмыстың теориялық маңыздылығын құраса, қол жеткізген нәтижелердің көркем шығарманы талдауда ізденушілер мен зерттеушілер үшін нақты бағыт-бағдар беріп, қаламгерлердің көркемдік шеберлігін түсініп-танытуда септігін тигізуі практикалық маңыздылығын айқындайды.
Сведения
- Журнал
- Keruen
- Опубликовано
- 2025 · Т. 89, № 4, С. 87-97
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2078-8134 · 2790-7066
- Издатель
- Institute of Literature and Art named for M. Auezov