Қалам мен қару: Кемел Тоқаевтың соғыс тақырыбындағы туындылары
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары, от пен оқтан аман оралған майдангерлер қазақ әдебиетіне соғыс шындығын алып келді. Мақалада Кемел Тоқаевтың соғыс тақырыбындағы шығармалары, ондағы деректі материалдардың көркем түрде көрініс табуы мен тарихи тұлғалардың бейнесін жасаудағы жазушының шеберлігі басты назарға алынған. Ұлы Отан соғысы кезіндегі тарихи оқиғалар мен тарихи тұлғалардың, саяси-әлеуметтік мәселелердің жазушы шығармаларынан көрініс табуына мән беріледі. Жазушы қаламынан шыққан шығармаларда өмір шындығынан алынған деректер көркемдік шындықпен ұштасуы майдангер жазушы Қасым Қайсенов естеліктерімен салыстырыла талданады. Оның кейіпкерлері соғыс зардабын шегіп, одан әлі де арыла қоймаған адамдар. Майдангер жазушы кейіпкерлерінің психологиялық портіретін шынайы және нақты детальдар арқылы ұсынғаны зерделенеді. Авторлар тарих бетіндегі айтулы кезең Ұлы Отан соғысының әдебиеттегі орнына және майдангер жазушының өмірінен алатын орнына шолу жасайды. Сондай-ақ, шығармадағы өмір шындығы мен көркем шындықтың ара-жігі талданады. Көркем шығармадағы образдар мен оқиғаларды ашу мақсатында пайдаланылған көркем детальдарға мән беріледі. Шығармаға арқау болған оқиғалар мен тарихи дерек көздерінің дәлдігі оқиғалар мен кейіпкерлердің нақтылығына назар аудартады. Әдеби шығармаға арқау болған тарихи шындық пен көркемдік шешімдердің арақатынасы талданады.
Сведения
- Журнал
- Keruen
- Опубликовано
- 2025 · Т. 89, № 4, С. 71-86
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2078-8134 · 2790-7066
- Издатель
- Institute of Literature and Art named for M. Auezov