Бата сөз жанры: құрылымдық-семантикалық талдау
Бұл мақалада қазақ фольклорындағы бата сөз жанрының дәстүрлі қалыптары мен қазіргі постфольклорлық кеңістікте жаңаша түрленуі құрылымдық-семантикалық тұрғыдан талданады. Зерттеуде батаның мазмұндық ерекшелігі, әлеуметтік қызметі, айтылу жағдаяты мен қазіргі интернет коммуникациясында таралу формалары айқындалды. Мақалада А. Байтұрсынұлы, Х. Досмұхамедұлы, Н. Уәли, Ш. Ыбыраев, С. Негимов және өзге де ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, жанрдың тарихи бастаулары мен қоғамдағы мәні ашып көрсетіледі. Фольклордағы бата мәтіндерінің магиялық сипаты, сөз құдіретіне негізделген сенімдер, формулалық құрылым, қайталаулар мен бұйрық райлы етістіктердің қызметі қарастырылып, бұл ерекшеліктердің постфольклорлық жанрларда да сақталатыны көрсетілді. Сонымен қатар, WhatsApp, Facebook, сайттар мен әлеуметтік желілерде таралатын жаңа үлгідегі электрондық бата-тілек мәтіндері құрылымдық және стильдік жағынан сараланып, олардың дәстүрлі бата жанрына қатысы мен айырмашылықтары анықталды. Бата сөздердің түрлері мен қызметі жөніндегі ғылыми еңбектерге шолу жасалып, қазіргі таңда жанрдың кеңеюі, жаңа типологиялық белгілерінің пайда болуы және бата мәтіндерінің медиамәтінге айналу процесі сипатталды. Зерттеу нәтижелері бата жанрының қоғамдағы рөлі уақыт талабына сай жаңғырып, дәстүр мен заманауи мәдениет арасындағы байланысты сақтап, әлеуметтік қатынастарды нығайтуда және жаңа коммуникациялық платформаларда өміршеңдігін арттыруда маңызды екенін көрсетеді.
Сведения
- Журнал
- Keruen
- Опубликовано
- 2025 · Т. 89, № 4, С. 59-70
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2078-8134 · 2790-7066
- Издатель
- Institute of Literature and Art named for M. Auezov