ҚАЗАҚ ТЕАТРЫНДАҒЫ АКТЕРЛІК ПЛАСТИКАНЫҢ ТУУЫ МЕН ЭВОЛЮЦИЯСЫ
Қазақ театрындағы актер пластикасы мәдени өзгерістер мен театрлық эксперименттер арқылы актерлік шеберліктің эволюциясы мен оның сахнадағы дене қимылы бейнесін көрсетеді. Ғылыми мақаланың негізгі мақсаты қазақ театрының қалыптасуының алғашқы кезеңдерінен бастап, қазіргі замандағы үрдістерге дейінгі актер пластикасын дамытудың негізгі аспектілері мен кезеңдерін зерттеу болмақ. Қазақ фольклорынан бастау алған би өнерінен бастап, сахнадағы актердің пластикасының бүгінгі күндегі орнын айқындау болып табылады. Актер пластикасының әр кезеңдегі өзгерісі мен эволюциясына тоқталу арқылы қойылымдардың негізгі бағыттары анықталды. Константин Станиславский жүйесінің актерлік ойындарға ықпалы, бүгінгі әлемдік тенденцияларға сай заманауи спектакльдердің хореографиялық жағы талданды. Алғашқы қазақ музыкалық спектакльдеріндегі жетістіктер аталып өтіп, ондағы би сахналарының ерекшеліктері мен мәніне баға берілді. Театрымыздың кәсіби білімді мамандары болмаса да, би сахналарында өзіндік үлес қосқан алғашқы актерлерінің елеулі еңбегі сараланды. Жаңа хореографиялық спектакльде бидің тарихы өзіміздің салт-дәстүрімізден, ойын-сауықтан алынғанына көз жеткізіліп, актер пластикасындағы өзгеріс кезеңдері қарастырылды. Пластика қазақ театрының дамуымен бірге қалыптасқандықтан, кәсіби театрдың құрылуы кезіндегі актер ойынындағы хореографияның рөліне тоқталдық. Сонымен қатар шетелден шақыртылған мамандардың актер пластикасын қою мен дамыту жолдарына, еңбектеріне шолу жасалып, тереңінен зерделенді. Қазақ кәсіби театр режиссерлері А.Тоқпанов, Ә.Мәмбетовтен бастап, бүгінгі күндегі пластиканың жаңаша қалыптасуына үлес қосқан Н.Жақыпбай, Д.Жұмабай және басқа да жас режиссерлердің еңбектеріне, сахналаған қойылымдарының ерекшелігі анықталды. Актерлердің пластикасы қазіргі қазақ театрында маңызды талаптардың біріне айналды. Театр режиссерлері актерлердің дене тілін жетілдіру, олардың бұл тұрғыдағы дайындығын арттыру үшін арнайы тренингтер мен шеберлік сабақтарын жиі ұйымдастырады. Бұл тек қана қойылымдағы рөлдердің сапасын арттырып қоймай, сонымен қатар актерлердің жалпы кәсіби деңгейін де көтеруге септігін тигізіп отырғаны қарастырылды.
Сведения
- Журнал
- Keruen
- Опубликовано
- 2025 · Т. 88, № 3, С. 353-372
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2078-8134 · 2790-7066
- Издатель
- Institute of Literature and Art named for M. Auezov