Central AsianResearch Index
Keruen2025

КЕҢЕС ДӘУІРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН СУРЕТШІЛЕРІНІҢ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНДЕГІ ЭТНИКАЛЫҚ ДӘСТҮРЛЕР

Зерттеу Кеңестік Қазақстан суретшілерінің бейнелеу өнеріндегі этникалық дәстүрлер, олардың сипаты мен ерекшеліктерінің маңыздылығына назар аударады. Ғылыми-зерттеу жұмысының басты мақсаты Кеңестік билік жылдарында Қазақстан суретшілерінің жұмыстарын айқындау, ерекшеліктеріне тоқталу және ең бастысы олардың этникалық дәстүрлермен үйлесімділік дәрежесін талдау болып табылады. Зерттеу барысында ғылымға белгілі және тақырыпты ашып, қойылған мақсатқа қол жеткізуге септігін тигізетін бірқатар әдістер қолданылды. Олардың қатарында салыстырмалы талдау, ретроспективтілік әдісі және тағы да басқа әдістер. Қарастырып отырған тақырып өз уақытында бірқатар зерттеушілер тарапынан қарастырылды. Алайда зерттеушілердің басым көпшілігі тақырыпқа тек жанама қатысты мәліметтерді береді. Мәселеге қатысты кешенді зерттеу жұмыстары жүргізілуі қажет. Зерттеуде қарастырып отырған тақырып жан-жақты және кешенді зерттеледі. Нәтижесінде этникалық түсініктердің теориялық негіздері анықталды және Кеңестік билік жылдарындағы Қазақстан суретшілерінің бейнелеу өнеріндегі этникалық дәстүрлер айқындалды. Кеңестік билік жылдарында қоғам өмірінің барлық саласында идеологиялық шектеулер болғаны белгілі. Бейнелеу өнерінде де мұндай идеологиялық қысымның болғаны шындық. Соған қарамастан суретшілер ұлттық құндылықтарға негізделіп, этникалық ерекшеліктерді айқындайтын элементтерді өз жұмыстарына қосып отырды. Қазақ мәдениетімен терең ұштасатын ою-өрнектер, тұрмыстық заттар, дәстүрлі қазақ қоғамы, қазақтың көшпелі мәдениетімен байланысқан шаруашылық түрлері және өзге де ұлттық дүниетаныммен үйлесіп жатқан элементтерге ерекше философиялық мән берді. Аталған тақырып көлемінде жүргізілген кешенді зерттеу жұмыстарының ғылым үшін берері мол. Ол тек осы қарастырып отырған кезең бойынша суретшілердің жұмыстарына сипаттама беріп қана қоймайды. Сонымен қатар олардың жұмыстарындағы идеялық бастамаларды анықтау, ұлтты ұйыстыратын факторға мән беру, қазақ халқының дүниетанымын түсіну тұрғысынан пайдалы болады.

Сведения

Журнал
Keruen
Опубликовано
2025 · Т. 88, № 3, С. 335-352
Язык
Казахский
ISSN
2078-8134 · 2790-7066
Издатель
Institute of Literature and Art named for M. Auezov