Central AsianResearch Index
Keruen2025

ҚАЗАҚ ГРАФИКАСЫНДАҒЫ ОТБАСЫ РЕПРЕЗЕНТАЦИЯСЫ: ЕРАЛЫ ОСПАНОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ МЕН МӘДЕНИ КОДТАРДЫҢ КӨРКЕМ БЕЙНЕСІ

Бұл мақалада қазақ бейнелеу өнеріндегі отбасы тақырыбының көркемдік және идеялық мәні тұрғыда талданады. Отбасы – қазақ халқының рухани-мәдени болмысын қалыптастыратын негізгі ұғымдардың бірі ретінде бейнелеу өнерінде терең мазмұнмен көрініс табады. Автор дәстүрлі және заманауи графика туындыларындағы отбасы бейнесін саралай отырып, оның көркемдік тілін, символдық мағынасын және тарихи-контекстуалдық ерекшеліктерін ашады. Қазақ суретшілері үшін отбасы – тек тұрмыстық көрініс емес, сонымен қатар ұлттық бірегейлікті, ұрпақтар сабақтастығын және адамгершілік құндылықтарды бейнелеудің құралы. Мақалада суретші Е.Оспанов шығармаларындағы отбасы тақырыбындағы көркемдік интерпретациялар талданбақ. Сонымен қатар, суретшінің кейіпкерлер әлемі арқылы отбасы феноменінің әлеуметтік, психологиялық және мәдени қырлары ашылып, дәстүр мен жаңғыру арасындағы байланыс зерделенеді. Зерттеу барысында Оспанов шығармаларындағы ата-ана, бала және туыстық қатынастардың көркемдік құрылымы мен семантикалық жүктемесі сараланып, отбасы бейнесінің әдеби-философиялық мәні анықталады. Ералы Оспановтың шығармаларындағы отбасы репрезентациясы арқылы қазақ қоғамындағы рухани сабақтастық пен ұрпақтар диалогының көркемдік моделі ұсынылады. Бейнелеу өнерінің отбасы туралы қоғамдық сана мен мәдени дискурсты қалыптастырудағы рөліне ерекше назар аударылады. Жұмыстың негізгі мақсаты қазақ бейнелеу өнеріндегі отбасы тақырыбының көркемдік эволюциясын, идеялық тереңдігін және мәдени маңызын ашуға бағытталған.

Сведения

Журнал
Keruen
Опубликовано
2025 · Т. 88, № 3, С. 323-334
Язык
Казахский
ISSN
2078-8134 · 2790-7066
Издатель
Institute of Literature and Art named for M. Auezov