ҚАЗАҚ-ҚЫРҒЫЗ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ АРАСЫНДАҒЫ ЭТНОМӘДЕНИ БАЙЛАНЫСТАР
Мақалада көршілес келе жатқан бауырлас екі халық – қазақ пен қырғыздың ғасырдан-ғасырға мұра болып келе жатқан әдет-ғұрпында, салт-дәстүрі мен әдебиеті, мәдениетінде ұқсастықтардың болуы заңдылығы және бұл байланыстардың сан ғасырлық тарихы қозғалады. Қазақ-қырғыздың этнобайланыс орнатылған аудандарында, оның ішінде олардың тікелей қарым-қатынасы үшін қолайлы жағдай жасалған аралас қоныстануында өзіндік ерекшелігі бар тарихи-мәдени және этникалық үдерістер тарихы орын алды. Жалпы, екі бауырлас халықтың мәдени, тілдік байланыстарының қарқыны әлеуметтік-экономикалық және түрлі тарихи кезеңдердің сипатына, ұлттық мемлекеттік саясатқа және басқа да көптеген факторларға байланысты болды. Соған қарамастан, түп тамыры бір қазақ пен қырғыз халқы ғасырлар бойы тарих пен мәдениеттің ортақтығын, тілдің жақындығын сақтап, дамыта алды. Салыстырмалы-сәйкестік және типологиялық әдістер негізінде, сондай-ақ тарихи-мәдени артефактілерге талдау, далалық зерттеулер нәтижелеріне сәйкес жүргізілген зерттеу екі халықтың тарихын, мәдениетін зерттеуге және танымал етуге бағытталған. Зерттеудің ғылыми-практикалық маңыздылығы қазақ және қырғыз халықтарының мәдениеті мен тарихы туралы сала мамандарының гуманитарлық білімінің жалпы деңгейін арттыруға, сондай-ақ насихаттауға бағытталған. Зерттеудің негізгі нәтижелері мен құндылығы жалпы түркі халықтарына ортақ тарихи мұра мен құндылықтарды сақтауға ықпал етеді.
Сведения
- Журнал
- Keruen
- Опубликовано
- 2025 · Т. 88, № 3, С. 307-322
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2078-8134 · 2790-7066
- Издатель
- Institute of Literature and Art named for M. Auezov