АБАЙ ЖӘНЕ НАУАИ: РУХАНИ-ГУМАНИСТІК ЖӘНЕ ЭТИКАЛЫҚ-ЭКЗИСТЕНЦИАЛДЫҚ АСПЕКТІЛЕР
Мақала түркі дүниесінің ойшылы Ә.Науаи мен Абай шығармашылығындағы гуманистік, ізгілік идеяларын талдауға арналған. Мақалада қос автордың көркемдік, философиялық танымындағы рухани-моральдық, этикалық мәселелер гуманистік, экзистенциалдық тұрғыда қарастырылды. Абай мен Науаидің түркі мәдениетіндегі гуманизм тұжырымдамасын жасаушы ретіндегі моральдық-этикалық сана құрылымына қатысты ой-пайымдары тұжырымдалды. Түркі әдебиетінің классиктері мұрасындағы ізгілік идеяларын суреткер дүниетанымының экзистенциалды, онтологиялық аспектісі тұрғысынан зерделеу зерттеу жұмысының негізгі мақсаты ретінде пайымдалды. Сонымен қатар моральдық-философиялық, дидактикалық үлгіде жазылған Науаидің «Махбуб ул-қулуб» шығармасы мен Абайдың әдеби мұрасындағы ортақ сарындар тақырыптық-идеялық, категориялық тұрғыдан түсіндірілді. Автор әдебиеттанудың компаративистикалық, әдеби герменевтикалық, құрылымдық-семантикалық, т.б. бірқатар зерттеу әдістері арқылы Абай мен Науаидің гуманизм теорияларын дәйектейді. Сондай-ақ, мақалада екі ойшылдың адамзаттың рухани дүниетанымын тәрбиелеуге арналған концепциялары тұтас түркілік дүниетанымдағы адамгершілік сананың дамуымен және өзіндік ұлттық болмысқа сай дәстүрлі интерпретациялануымен бірлікте пайымдалды. Жұмыстың ғылыми және практикалық маңызы Абай мен Науаи шығармашылығындағы көркемдік ойлаудың гуманистік, экзистенциалдық аспектілерін бұдан әрі зерттеуге мүмкіндік береді және дәйектелген ой-пайымдауларды абайтану курстары бойынша ғылыми қажеттілікке сәйкес пайдалануға болады. Автор Абай мен Науаидің адам жанын ізгілендіру, рухани кемелдену жайлы идеяларын айқындауда Шығыс мистикалық дәстүріне тән сопылық ілімнің рөліне назар аударады. Екі ғұламаның шығармашылығындағы сопылық танымның көркемдік аспектілеріне, рецепциялық әсерлерге салыстырмалы-компаративистикалық, контрастивтік сипатта талдаулар жасайды. Мақалада Абай мен Науаидің көркемдік әлеміндегі экзистенциалдық идеялардың субъективті ерекшеліктері тұлғаның мінез-құлқын, психофизиологиялық болмысын сипаттайтын шығармалары арқылы көрініс табады. Жұмыс қорытындысының практикалық мәні тақырыпқа сәйкес теориялық білімді жетілдірумен бірге екі ойшылдың рухани дүниетанымын тануға, оны қоғамға сіңіруге ықпал етуімен айқындалады.
Сведения
- Журнал
- Keruen
- Опубликовано
- 2025 · Т. 88, № 3, С. 248-259
- Язык
- Казахский
- Цитирований
- 1
- ISSN
- 2078-8134 · 2790-7066
- Издатель
- Institute of Literature and Art named for M. Auezov