Қ.МӘДІБАЙ ЗЕРТТЕУЛЕРІНДЕГІ МҰХТАР ӘУЕЗОВ КІТАПХАНАСЫ
Мақалада профессор Қанипаш Мәдібай зерттеулеріндегі Мұхтар Әуезов кітапханасы туралы сөз болады. Жазушының «Мұхтар Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығында сақталған жеке кітапханасы бойынша тұлғатану, шығармашылық зертхана бойынша арнайы зерттеу жұмыстар жүргізу өзектілігінде ой қозғалады. Филология ғылымдарының докторы, профессор Гүлзия Пірәлі алғаш рет арнайы түзілімін, қысқаша сипаттамасын жасаған «Мұхтар Әуезов кітапханасы» (2015) атты Анықтамалық зерттеу еңбек негізінде тұлғатану бағыттарында ғылыми айналымға түсуі тиісті жазушының кітап жинау, оқу, әрбір еңбекке қатысты жедел, қысқа белгілер түсіріп отыру фактісінде жалпыадамзаттық ортақ игіліктер, ұлттық құндылықтар ауқымындағы шығармашылық кітапхана мәселесінде танып, ұғынудың міндетті зерттеу арналары сараланады. «Мұхтар Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығында жүргізіліп жатқан әуезовтану бойынша зерттеулердің бір бағыты – жазушы архивінде сақталып, кейін бірқатары М. Әуезовтің 50 томдық шығармалар жинағында берілген. Қайсыбірі әлі де беймәлім қалған шығармашылық, ғұмырбаяндық факторлар мен фактілерге қатысты дерекнамалық негізді ғылыми айналымда ұстау өзектілігі тақырып ауқымында пысықталып отырды. Зерттеуші «Мұхтар Әуезов кітапханасы» Анықтамалық зерттеу еңбектегі қазақ әдебиетінің тарихы, абайтану, әуезовтануға байланысты ғылыми айналымға түспеген елеулі деректер, ақпараттар бар екендігі туралы ой қозғайды. Мақалада қаламгер кітапханасы арнайы зерттеудің шығармашылық зертхана бойынша жұмыс жүргізудегі, әдебиеттанудағы танымдық-ақпараттық маңыздылығындағы өзектілігін айқындау бойынша белгілі бір нәтижелерге қол жеткізілді. Зерттеу нәтижелерін қазіргі заманғы қазақ әдебиеттану ғылымының тұлғатану, әдебиет тарихы мәселелерінде нақтылы дерекнамалық негіз; теориялық, тәжірибелік мәнде пайдалануға болады.
Сведения
- Журнал
- Keruen
- Опубликовано
- 2025 · Т. 88, № 3, С. 211-224
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2078-8134 · 2790-7066
- Издатель
- Institute of Literature and Art named for M. Auezov