ҚАЗАҚ ЭПИКАЛЫҚ ЖЫРЛАР МЕН ПРОЗАЛЫҚ ФОЛЬКЛОРДАҒЫ ЖАЛМАУЫЗ КЕМПІР, МЫСТАН КЕМПІР ОБРАЗДАРЫ
Мақалада қазақ фольклорының эпикалық жырлар мен прозалық фольклорындағы демонологиялық кейіпкерлердің ішіндегі жалмауыз кемпір мен мыстан кемпір образдары кездесетін көне, классикалық, тарихи эпостар мен ертегілік проза мәтіндері талдауға өзек болды. Атап айтқанда «Құламерген, Жоямерген», «Мұңлық-Зарлық», «Дотан батыр», «Алпамыс» «Орақ батыр» жырлары мен «Ер Төстік», «Құланайжарқын», «Ханшентей», «Еркемайдар», «Алтын сақа», т.б. ертегілер мәтінінде кездесетін жалмауыз бен мыстан образына талдау жүргізілді. Жалмауыз кемпір мен мыстан кемпір образдарының шығуы негізіне, олардың бір-бірімен ұқсастығы мен айырмашылығы сараланып, ғылыми тұжырым жасалды. Бұған дейінгі отандық және шетелдік фольклортанушы ғалымдардың зерттеулеріне сүйене отырып, эпикалық жырлар мен ертегі мәтіні негізінде нақтылы мысалдар келтіріп, теориялық еңбектер негізінде, ғылыми сараптаулар жасалды. Жалмауыз бен мыстан кемпір образының бір уақытта пайда болмағанын, жалмауыз кемпір образының шығу төркіні арыда, ал мыстан кемпір образының пайда болуы онан кейінгі кезеңнің нәтижесі екені айқын көрсетілді. Жалмауыз образының түркі халықтарымен қатар, Алтай тілді басқа халықтардың да фольклорында кезесетіні туралы ғалымдардың зерттеуі назарға алынды. Осы негізде демонологиялық кейіпкерлер жүйесіндегі жалмауыз бен мыстан образы қазақ фольклорында да молынан ұшырасатыны мысалдар негізінде дәлелді көрсетілді.
Сведения
- Журнал
- Keruen
- Опубликовано
- 2025 · Т. 88, № 3, С. 140-151
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2078-8134 · 2790-7066
- Издатель
- Institute of Literature and Art named for M. Auezov