М. ӘУЕЗОВТІҢ МАНАСТАНУДАҒЫ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ
Мақала Мұхтар Әуезовтің «Манас» эпосын зерттеудегі ғылыми-зерттеу әдіс-тәсілдерін пайымдауға арналған. Тақырыпты таңдаудың негізі – Мұхтар Әуезовтің «Манас» эпосына қатысты теориялық тұжырымдары мен ғылыми әдіс-тәсілдерінің әлі күнге дейін толыққанды талданбауы және оның еңбектерінің (оның ішінде 50 томдыққа енген бес нұсқаның ішінде 1944 жылғы нұсқасы) шектеулі таралымының зерттеушілер үшін қолжетімсіз болып келуі. Зерттеу мақсаты Әуезовтің поэтика, сюжет-композиция, жанр-стиль, ритм-ұйқас, бейнелеу құралдары, сондай-ақ манасшы перформансы туралы тұғырларын жүйелеу, эпосты түркі дүниесінің ортақ мұрасы ретінде дәлелдеуімен сабақтастыра көрсету. Ғылыми және практикалық мәні зерттеу Әуезов мектебінің пәнаралық көкжиегін (мәтін–орындау бірлігі) айқындайды; эпикалық мұраларды талдауға арналған үлгі ұсынады. Қолданылған әдістер тарихи-филологиялық, мәтінтанулық, типологиялық, психологиялық, этнолингвистикалық және поэтикалық талдау; материал ретінде 1944 ж. нұсқа мен «Манас – қырғыздың халық қаһармандық поэмасы» еңбегі алынды. Негізгі нәтиже мен қорытындылары «Казат» жорықтары, «аш» ас беруі, үйлену желісі тәрізді тақырыптық блоктардың функциясы; топоним-этнонимдер мен зооморфтық образдардың (Аққұлы, Ақ-Шұмқар, Желмая, Құмайық) поэтикадағы рөлі; аллитерация, ассонанс, параллелизм, «желдірме» ырғағы және синкретті перформанс анықталды. Эпостың хронологиялық шегі (б.з. 840 ж. дейін), «Шахнаме» дәстүрімен типологиялық сабақтастық, канондық мәтін қағидаттары мен эпосты саяси қысымнан қорғаудағы азаматтық ұстаным тұжырымдалды. Құндылығы мен практикалық маңызы – мәтін–перформанс интеграциясына негізделген әдістемелік каркас әдебиеттану, фольклортану, текстология және орындаушылық зерттеулерді тоғыстырып, эпикалық мәтіндермен жұмыс істеудің қолданбалы үлгісін береді.
Сведения
- Журнал
- Keruen
- Опубликовано
- 2025 · Т. 88, № 3, С. 112-127
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2078-8134 · 2790-7066
- Издатель
- Institute of Literature and Art named for M. Auezov