С.ОЛЖАБАЙДЫҢ «ҚЫЗ ЖЫЛАҒАН ТҮН» ДЕТЕКТИВТІ ПОВЕСІНІҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІГІ
Мақалада жазушы С.Олжабайдың «Қыз жылаған түн» детективті повесінің көркемдік ерекшелігі қарастырылған. Қазіргі әдеби процес күнделікті дамып отыратындықтан, ұлттық әдебиеттің жекелеген жанрлары даму үстінде екендігі шығарма аясында бағамдалған. Жазушы шығармасы оқырманның танымын кеңейтіп, оны белгілі дәрежеде тәрбиелеп, қылмысты ашумен танылатын кәнігі ізкесушілердің тынымсыз еңбегін шынайы бейнелеуде оқырманын өзіне баурап отырады. Детектив – оқырмандардың басым бөлігі үшін талғам биігінен түспейтін жанр болғандықтан, кез келген жастағы оқырман қылмысқа құрылған шытырман оқиғалы шығармаларды сүйіп оқитыны белгілі. Қоғам өміріндегі тамыры тереңге кеткен сыбайлас жемқорлық, қылмыстық топ өкілдерінің құрықталуы қашан да әділдіктің жеңетіндігін ұғындырады. Қаскөйлік, қастандық, жауыздық, қанішерлік қоғам дамуының қай кезеңінде де адамзатпен бірге жасап келе жатқаны өткен тарихымыздан, сол оқиғалар туралы жазылған көркем шығармалардан белгілі. Жазушының повесіне еліміз егемендік алған тоқсаныншы жылдарда өмірде болған оқиға арқау болғаны және өмір шындығын көркем шындыққа айналдырудағы көркемдік әдіс-тәсілдері айшықталды. Портрет, пейзаж, монолог, диалог, көркем деталь, кейіпкерлердің сөйлеген сөзі, ісі, авторлық ұстаным, авторлық сипаттама тәрізді көркемдік компоненттерді тиімді пайдалануда образдардың дұрыс сомдалғаны нақты мысалдармен түйінделді.
Сведения
- Журнал
- Keruen
- Опубликовано
- 2024 · Т. 88, № 3, С. 50-60
- Язык
- Казахский
- Цитирований
- 1
- ISSN
- 2078-8134 · 2790-7066
- Издатель
- Institute of Literature and Art named for M. Auezov