Central AsianResearch Index
Keruen2025

ТАРИХИ АҚИҚАТ ПЕН КӨРКЕМДІК ШЕШІМ: ДАРХАН ӘБДІК ФИЛЬМДЕРІНІҢ НЕГІЗІНДЕ

Бұл мақалада танымал режиссер-журналист Дархан Әбдік түсірген «Ұстаз», «Аққан жұлдыз», «Өркениет шырақшысы» атты тарихи-деректі фильмдер негізінде деректі кино жанрындағы тарихи шындық пен көркемдік шешімдердің арақатынасы талданады. Автор фильмдерінде қазақ халқының тарихи жадысы мен рухани құндылықтарын жаңғыртуды мақсат тұтады. Зерттеуде аталмыш фильмдердің құрылымдық ерекшеліктері, баяндау формасы, драматургиялық желісі, визуалды құралдар, музыкалық сүйемелдеу мен дикторлық мәтіндердің рөлі қарастырылады. Сонымен қатар, режиссердің архивтік құжаттар мен нақты тарихи деректерді ғылыми тұрғыда сұрыптап, экран тіліне лайықтап беру әдістері сарапқа салынады. Мақалада деректі фильмнің ұлттық мәдениетті қалыптастыру мен ұрпақ санасына ықпал ету құралы ретінде қарастырылуы маңызды орын алады. Дархан Әбдік фильмдеріндегі баяндау мен монтаж, кейіпкерді көрсету тәсілі, тарихи оқиғаларды көркем интерпретациялау әдістері қазіргі қазақстандық деректі кино өнерінің даму динамикасы мен кәсіби стандарттарына сәйкестігі тұрғысынан бағаланады. Автордың зерттеу нысаны – деректі фильмдегі көркемдік пен шындықтың шебер тоғысуы арқылы отандық киноөнердегі портреттік жанрдың жетістіктерін көрсету болып табылады. Сонымен бірге, мақалада көрерменге әсер ету тетіктері мен режиссерлік қолтаңбаның даралығы да жан-жақты сипатталады. Автор шығармашылығын талдай отырып, бүгінгі отандық деректі фильмдерді даму бағытына баға беріледі.

Сведения

Журнал
Keruen
Опубликовано
2025 · Т. 87, № 2, С. 277-285
Язык
Казахский
ISSN
2078-8134 · 2790-7066
Издатель
Institute of Literature and Art named for M. Auezov