РЭЙ КУНИ КОМЕДИЯЛАРЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ТЕАТРЛАРЫНДАҒЫ САХНАЛЫҚ КӨРІНІСІ
Бұл мақалада ағылшын драматургы Рэй Куни комедияларының Қазақстан театрларындағы сахналану үрдісі сараланған. Драматург пьесалары соңғы 30 жылда әлемнің 40 елінің театрында жарық көрді. Соңғы уақыттарда оның комедиялары қазақ сахнасынан да орын алып үлгерді. Аталмыш жұмыста М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында қойылған Р.Кунидің «Күлкілі ақша» және «Astana Musical» Мемлекеттік театрындағы «№ 13» комедиясының сахналық көрінісі кеңінен талданды. Зерттеу жұмысының басты мақсаты аталған пьесалардың Қазақстан театрларында қалай қойылғаны, режиссерлік трактовка, актерлік ойын, қозғайтын тақырыбының өзектілігі, сахналану ерекшелігін анықтау болып табылады. М.Горький атындағы орыс драма театрында сахналанған Р.Кунидің «Күлкілі ақша» комедиясы өткір юморымен, жарқын бейнелерімен, өміршең тақырыпты тереңінен қозғауымен құнды болды. А.Терехин актерлерге шығармашылық еркіндік беріп, олардың суырыпсалмалық, дауыс, пластика арқылы комедиялық әрекетті шебер жеткізуіне жол ашқан. Қойылым адалдық пен арамдық, парасат пен пасықтық секілді адам болмысының қарама-қайшылығын ашып көрсетеді. «№ 13» спектаклінде режиссер Есләм Нұртазин заманауи тәсілмен пластика, музыка мен сахналық қимылды үйлестіріп, актерлердің комедия мен мюзикл элементтерін шебер біріктірген. Екі қойылым да өзіндік ырғақ-екпінімен, түрлі тақырыптарды жаңа пішінде сахналауымен дараланды. Ең бастысы, Р.Куни комедияларының қазақстандық көрермендердің жүрегіне жақын әрі кез келген театр ұжымы үшін актерлік мектепті шыңдаудың жоғары көрсеткішіне айналған туындылар болып табылатыны зерттелді.
Сведения
- Журнал
- Keruen
- Опубликовано
- 2025 · Т. 87, № 2, С. 248-261
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2078-8134 · 2790-7066
- Издатель
- Institute of Literature and Art named for M. Auezov