БАЛАЛАР ХОРЕОГРАФИЯЛЫҚ ҰЖЫМДАРЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ РУХ ПЕН ПАТРИОТИЗМДІ ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ
Балаларға өз еліне деген сүйіспеншілікті үйрету оларға жауапкершілік сезімін береді. Балалар өз тағдырының туған елімен байланысты екенін түсінгенде өздерін қоғамдастықтың бір бөлігі ретінде сезінеді және өзі өмір сүріп отырған қоғамның алдында адалдық сезімін қалыптастырады. Бұл өз елінің мақтанышына айналуға талпыну және оның дамуына үлес қосуға деген ұмтылысқа әкелуі мүмкін. Өз елін жақсы көретін балалардың қоғамдық іспен, азаматтық қызметпен айналысу ықтималдығы жоғары болады. Мұндай қатынас қоғам үшін де, мемлекет үшін де пайдалы. Oсы аспектілері жастардың рухани дамуына, шығармашылық қабілеттерінің артуына және патриоттық сезімдерінің нығаюына септігін тигізеді. Балалардың ұлттық руханиятын көтеру, патриоттыққа баулудың түрлі жолдары бар. Соның бірі - балаларды би арқылы, соның ішінде ұлттық билер арқылы тәрбиелеудің маңызы зор. Зерттеу барысында балалар хореографиясы жете мән беретін мәселе екендігіне көз жеткізуге болады және оны дамыту үшін қажетті шараларды қабылдау маңызды деген тұжырым жасадық. Сонымен қатар балалар хореографиялық ұжымдарының ұлттық рух пен патриотизмді дамытудағы функциясын одан әрі жетілдіру қажеттілігі туындайды. Себебі, балалар хореографиясы арқылы жасөспірімдерді патриотизмге тәрбиелеу нәтиже беретінін көруге болады. Балалар хореографиялық ұжымдарында теориялық және практикалық білімді ұштастыра отырып, би атауы, оның шығу тарихы, бидің қазақ мәдениетіндегі орны, сол биде киілетін ұлттық киімдер, киімдердегі ұлттық ою-өрнектер және тағы басқа да нақыштар мен белгілер баланың ұлттық тәрбие алуына ықпал ететін факторлар екенініне мән беру ұсынылады. Ойын түрінде балаға музыка мен би әлеміне деген сүйіспеншілікті оята аламыз. Қозғалыстардың сұлулығы арқылы баланы еліктіріп, оның мінез-құлқын табиғи және үйлесімді етуге болады. Балалар хореографиясының рухани құндылықтарды дамытудағы функциясын зерттеу әлемдегі елдердің барлығына ортақ мәселе болғандықтан бұл тақырып халықаралық дәрежедегі зерттеушілер үшін де қызығушылық тудыруы мүмкін.
Сведения
- Журнал
- Keruen
- Опубликовано
- 2025 · Т. 87, № 2, С. 234-247
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2078-8134 · 2790-7066
- Издатель
- Institute of Literature and Art named for M. Auezov