Central AsianResearch Index
Keruen2025

Ж.АЙМАУЫТҰЛЫНЫҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ ЖИНАҒЫН ДАЙЫНДАУ ТӘЖІРИБЕСІНЕН

Мақалада Жүсіпбек Аймауытұлының бірнеше аудармалары мен мақалалары текстологиялық зерттеулер негізінде сараланады. Жазушының 1917 жылдан бастап «Абай», «Ауыл тілі», «Жаңа әдебиет», «Сарыарқа», «Әйел теңдігі», «Жас қазақ», «Шаншар», «Ақ жол», «Қазақ тілі», «Еңбекшіл қазақ», «Жаңа мектеп», «Жас қазақ» сияқты мерзімді баспасөзде жарық көрген мақалаларында ұлттық мектеп, білім мен тәрбие, білім жүйесі, шаруашылық, кәсіп, әртүрлі қоғамдық мәселелерді қамтыған. Ал аудармалары негізінен әлем әдебиетінің әйгілі өкілдері – Ги де Мопассан, Джек Лондон, Рабиндранат Тагор сынды классиктердің шығармаларынан тәржімаланған. Жүсіпбек Аймауытұлы шығармаларының академиялық жинағын дайындау барысында ХХ ғасыр басында араб әрпінде жарық көрген қаламгердің кітаптары мен баспасөз материалдары және тәуелсіздік кезеңінде әлденеше рет жарияланған ғылыми жинақтарындағы шығармалары өзара жолма-жол салыстырылып, алғаш рет жүйелі текстологиялық саралаудан өткізілді. Аталған жарияланымдарда әр қилы себептермен өзгертілген, қысқартылған мәтіндік әркелкіліктер толықтай дерлік қалпына келтірілді. Бестомдық академиялық басылымды әзірлеу барысында Жүсіпбек Аймауытұлының осы уақытқа дейінгі жинақтарына енбеген бірнеше аудармалары мен мақалалары жинаққа тыңнан қосылды. Мақалада жаңадан табылған аударамалар мен көсемсөздері атап көрсетіліп, осы уақытқа дейін әр жылдары жарық көрген жинақтарында жарық көрген кейбір мәтіндер түпбасылыммен салыстырылып, текстологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде кейінгі басылымдарда орын алған редакциялық өзгерістер анықталып, сарапталды.

Сведения

Журнал
Keruen
Опубликовано
2025 · Т. 87, № 2, С. 165-174
Язык
Казахский
ISSN
2078-8134 · 2790-7066
Издатель
Institute of Literature and Art named for M. Auezov