ИНТЕРТЕКСТ: ӘДЕБИ ШЫҒАРМАЛАРДЫҢ МӘҢГІЛІК ДИАЛОГЫ
Мақалада интертекстуалдылық құбылысының Батыс және Шығыс әдебиетінде көрініс табуы тарихи және салыстырмалы тұрғыда жан-жақты зерделенеді. Әдеби мәтіндерді талдаудың тиімді әдісі ретінде интертекстуалдылық теориясының мүмкіндіктері сипатталып, оның философиялық бастаулары (мимесис, реминисценция), классикалық және постструктуралистік бағыттағы дамуы сараланады. Интертекст ұғымының дәстүрлі мәдениеттер мен әдебиеттердегі ежелден келе жатқан рөліне ерекше назар аударылады. Әлем әдебиетінің үлгілері, соның ішінде қазақ әдебиетіндегі назирагөйлік дәстүрдің интертекстуалдылық құбылысымен байланысы кеңінен қарастырылады. Мақалада Платон, Аристотель, Кристева, Барт, Риффатер, сондай-ақ М.О. Әуезовтің эпос туралы пайымдарына сүйене отырып, мәтіндер арасындағы тарихи, мәдени байланыстардың сипаты ашылады. Мақаланың негізгі мақсаты – әдеби мәтіндердегі интертекстуалдылықтың рөлі мен ерекшеліктерін анықтап, оның әдебиеттанудағы маңыздылығын бағалау. Зерттеу барысында интертекстуалдық, тарихи-компаративистикалық және мәдениетаралық талдау әдістері қолданылады, бұл интертекстуалдылықтың тарихи және әдеби дамуын салыстырмалы түрде зерттеуге мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижесінде интертекстуалдылық теориясының әдеби мәтіндерді талдаудағы маңызды әдіс екені анықталады. Әдеби мәтіндердегі интертекст элементтері тарихи және мәдениетаралық байланыстардың көрінісі ретінде ұсынылады. Зерттеу әдебиеттану саласында интертекстуалдылықты терең түсінуге, оның әдеби және мәдени мәнмәтіндегі орнын бағалауға, сондай-ақ әдеби шығармашылыққа жаңа көзқарастар қалыптастыруға үлес қосады. Білім беру мен шығармашылық үдерістерде интертекстуалдылықты қолдану мүмкіндіктеріне идеялық негіз бола алады.
Сведения
- Журнал
- Keruen
- Опубликовано
- 2025 · Т. 87, № 2, С. 124-137
- Язык
- Казахский
- Цитирований
- 1
- ISSN
- 2078-8134 · 2790-7066
- Издатель
- Institute of Literature and Art named for M. Auezov