Central AsianResearch Index
Keruen2025

М. ӘУЕЗОВТІҢ БЕЙМӘЛІМ МҰРАЛАРЫНДАҒЫ ТҮРКІ ӘЛЕМІ: ЖАҢАША ИНТЕРПРЕТАЦИЯ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ДИСКУРС

Мақалада түркі мәдениеті мен түркі халықтарына ортақ рухани қазыналарды бүгінгі уақыт талабына сай зерттеу М.Әуезовтің зерттеулері, оның эпистолярлық мұралары мен ғылыми нарративтік мәтіндері, әсіресе, қалың оқырман қауымға етене таныс емес мұрасы негізінде қарастырылған. Зерттеудің мақсаты – уақытында жаңсақтықпен «пантүркизм» ұғымымен алмастырылған М.Әуезов шығармашылығындағы «түркі әлемі» және «түркі мәдениеті» деген ұғымдарды кеңестік идеологияның ықпалынан тысқары, бүгінгі тәуелсіз әдебиеттанудың талабына сай жаңаша интерпретациялау. Мұхтар Әуезовтің эпистолярлық мұраларындағы, естеліктері мен бізге беймәлім болып келген мәтіндеріндегі, баяндамалары мен түрлі конференция, ғылыми және әдеби мәжілістерде сөйлеген сөздеріндегі, тәуелсіздік жылдары Ресей мемлекеттік әдебиет және өнер мұрағаттарынан алынған, бұрындары ғылыми айналымға түспеген қолжазбаларындағы манастануға қатысты тұжырымдарына талдау жасалады. Туыстас қырғыз халқының ең құнды мұрасы «Манас» эпосына байланысты қазақ зиялыларының арасында туған түрлі пікірлер салыстырылады. Осы эпос төңірегінде туындаған даулы кейбір мәселелердің ара-жігі ажыратылады. Тәуелсіздігімізді алғалы қол жеткізген айтулы еңбек – әуезовтанушылар құрастырған 50 томдық ғылыми жинақтағы осы эпосқа қатысты деректердің бәріне де назар аударылып, олардың мән-маңызы анықталады. Сол кездегі саяси оқиғалардың М.Әуезовтің манастануға қатысты ғылыми пайымдарына қалай әсер еткеніне дискустық әдіс арқылы талдау жасалады. М.Әуезовтің түркі әлемі мен мәдениетіне қатысты әлі де іздеуді қажет ететін нарративтік мәтіндері тізбектеліп көрсетіледі. Нәтижесінде авторлар М.Әуезовтің тек Орта Азия әдебиетіндегі ғана емес, оның ғалым ретінде әдебиеттануының да дамуындағы ролін екшеп береді.

Сведения

Журнал
Keruen
Опубликовано
2025 · Т. 87, № 2, С. 33-48
Язык
Казахский
ISSN
2078-8134 · 2790-7066
Издатель
Institute of Literature and Art named for M. Auezov