Central AsianResearch Index
Keruen2025

«МАКОНДО» СПЕКТАКЛІНІҢ СЕМИОТИКАСЫ ЖӘНЕ АДАМЗАТ ТАҒДЫРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК БЕЙНЕЛЕНУІ

Ғылыми мақалада испан жазушысы Габриэль Гарсиа Маркестің «Жүз жылдық жалғыздық» романы негізінде сахналанған «Макондо» спектаклі жан-жақты талданады. Зерттеудің мақсаты – спектакльдің негізгі идеялары мен көркемдік тәсілдерін, режиссерлік интерпретацияларын және актерлердің шеберлігін талдау арқылы ұлттық сахна өнерінің заманауи дамуындағы жаңа қырларын айқындау. Зерттеу мәселесі ретінде қазақ театры сахнасында әлемдік әдеби мұраны ұлттық ерекшеліктерге бейімдеу барысында туындайтын көркемдік және семиотикалық шешімдер қарастырылады. Зерттеу әдіснамасы – салыстырмалы талдау, мәтіндік және сахналық интерпретацияларды зерттеу, құрылымдық-семиотикалық әдіс. Жұмыс барысында спектакльдің сценографиясы, актерлік ойын мен музыкалық сүйемелдеу ерекшеліктері кезең-кезеңімен қарастырылды. Ұлытау облыстық С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық драма театрының «Макондо» спектаклі қазақ театры сахнасында алғаш рет қойылуымен ерекше мәдени құбылыс ретінде танылды. Режиссер Даниил Филипповичтің семиотикалық шешімдері Макондо қаласының символикалық мәнін тереңдетіп, адамзат трагедиясының жаңа интерпретациясын ашты. Театр актерлерінің бір әулеттің сезімдері мен психологиясын бейнелеу шеберлігі зерттелді, әсіресе қайталанатын қателіктер мен күнәлар тақырыбы ерекше әсерлі жеткізілгені анықталды. Қойылым финалындағы «Құбыжық» символы адамзаттың рухани құлдырауы мен моральдық деградациясын бейнелейтін маңызды элемент ретінде талданды. «Макондо» спектаклі көркемдік шешімдердің батылдығы мен жаңа тәсілдер арқылы қазақ ұлттық театрында ерекше орын алады. Ол көрермендер үшін мәдени құбылыс ретінде маңызды әрі адамзаттық мәселелерді сахнада көрсету мүмкіндіктерін кеңейткен туынды болып саналады. Бұл зерттеу театртанушыларға әлемдік әдебиет туындыларын сахналаудағы ұлттық ерекшеліктерді талдауға бағыт береді және заманауи театр өнерінің жаңа формаларын дамытуға ықпал етеді. Зерттеу нәтижелері режиссерлер мен актерлер үшін әдістемелік құрал ретінде пайдаланылуы мүмкін.

Сведения

Журнал
Keruen
Опубликовано
2025 · Т. 86, № 1, С. 202-217
Язык
Казахский
ISSN
2078-8134 · 2790-7066
Издатель
Institute of Literature and Art named for M. Auezov