ҚАЗАҚ БАЛАЛАР ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ЫРҒАҚТЫҚ ТҮРЛЕНІМ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ: -
Мақалада қазақ балалар поэзиясындағы ырғақтық, интонациялық және құрылымдық түрленімдер жан-жақты қарастырылады. Авторлар қазақ балалар поэзиясындағы ырғақтық, интонациялық және құрылымдық түрленімдерді жүйелі түрде талдап, жаңа ғылыми тұжырымдар ұсынады. Зерттеу жұмысында балалар фольклорының жалпы қазақ поэзиясының дамуына тигізген ықпалын сараланып, балалар поэзиясының ырғақтық-интонациялық ерекшеліктері анықталып, дәстүрлі және жаңашыл өлшемдердің эволюциясы зерделенеді. Абайдың өлең реформалары мен кейінгі ақындардың поэтикалық тәжірибелері салыстырылып, балалар поэзиясында 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12 буынды өлшемдердің қалай түрленгені және сирек кездесетін 1, 2, 3, 13, 14, 15, 16 буынды өлшемдердің қолданысы өлеңтану теориясының аясында көрсетіледі. Сондай-ақ, балалар поэзиясындағы анафора, эпифора, қайталау, логогриф, окказионализм, аллитерация, ассонанс, диалог, пунктуация мен кідірістің ырғақтық-интонациялық құрылымға тигізетін әсері қарастырылады. Зерттеу нәтижелері қазақ өлең құрылысының даму тенденцияларын айқындап қана қоймай, оны практикалық тұрғыда қолдануға мүмкіндік береді. Бұл зерттеу әдебиеттанушылар, өлеңтанушылар мен фольклортанушыларға қазақ балалар поэзиясындағы ырғақтық-интонациялық ерекшеліктерді тереңірек талдауға көмектеседі, сондай-ақ қазақ поэзиясының құрылымдық өзгерістерін зерттеуге қажетті әдістемелік негіз қалыптастырады. Сонымен қатар, зерттеу материалдары мектеп бағдарламасында балалар поэзиясын оқытуда, оқу-әдістемелік құралдар мен әдебиет оқулықтарын әзірлеуде пайдалы болуы мүмкін. Қазіргі қазақ ақындары мен балалар әдебиеті авторлары үшін бұл зерттеу балалар поэзиясындағы дәстүрлі және жаңа ырғақтық-интонациялық жүйелерді тиімді пайдалану жолдарын көрсету арқылы шығармашылық ізденістеріне бағыт-бағдар береді. Жалпы, зерттеу нәтижелері қазақ балалар поэзиясындағы дәстүрлі өлшемдердің жаңаша түрленуі, интонациялық жүйенің күрделене түсуі және поэтикалық эксперименттердің қазақ өлең құрылысының эволюциясына ықпал етуі сияқты ғылыми тұжырымдарды ұсынады.
Сведения
- Журнал
- Keruen
- Опубликовано
- 2025 · Т. 86, № 1, С. 151-167
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2078-8134 · 2790-7066
- Издатель
- Institute of Literature and Art named for M. Auezov