М.ӘУЕЗОВТІҢ «ҚАРАШ-ҚАРАШ ОҚИҒАСЫ» ПОВЕСІНІҢ ЭКРАНИЗАЦИЯСЫ
«Қараш-Қараш оқиғасы» повесі – өз заманының озық туындыларының бірі. Ондаадамның моральды арпалыс жағдайы, қоғам қыспағы тақырыбы тарихи тұлғалық образ есебінде шебержеткізілген. Сол себептен болар, кино туындысы да түсірілді. Мақалада қазақтың ұлы жазушысы –Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің «Қараш-Қараш оқиғасы» повесі кино фильмімен салыстыра талданатынболады. Шығарманың ішкі психологизмі мен көркемдік шешімдерінің экранизациялану барысындағыинтерпретациясына зерттеу жүргізіледі. Жазушы өз туындысын сол дәуірдің қоғамдық өзгешеліктерінентудырады десек те, жиырмасыншы жылдары негізінен ақын-жазушылардың шығармалары Еуропадағымодернизммен сарындас символизм және романтизм, сыншылдық реализм түрлерінде көрініс берді.Ал сыншыл реализм тұрғысында көрінген туындыларда бұрынғы ескі өмірдің жойылып бітпегенқалдықтары, ұғым-наным, тіршілігінің келеңсіз жақтары шенелді. Мақаланың негізгі бөліміндешығарманың экранизациялануы қарастырылады.М.Әуезов шығармаларының сюжеттік желісі көркем фильмдерге сұранып тұратынын ескерсек,жазушы идеясының режиссерлік шешімдермен көрерменге ойдағыдай жеткізілуі де маңызды шаруа.Мұхтар Әуезовтің «Қараш-Қараш оқиғасы» повесінің негізінде Болотбек Шамшиевтің 1968 жылы жарықкөрген «Выстрел на перевале Караш» көркем фильмі – көркемдік тұрғыдан өз бағасын алған туынды.Осыны негізге ала отыра, біз шығарма мен көркем фильмнің арасындағы байланысты қарастырамыз.Кейіпкерлердің ішкі психологизмінің берілу жолдары, рецепциясы мен интерпретациясы мақаламыздыңнегізгі бөліміне арқау болады. Мақаланың қорытынды бөлімінде повестің екі нұсқасында қатарсалыстыра отыра, көркем фильмдегі көрінісін айқындаймыз.Жазушының әдеби мұрасы жөнінде қалам тартпаған, пікір айтпаған қазақ жазушысы, әдебиетсыншысы кемде-кем. М.Әуезов шығармаларына жүйелі түрде зерттеулер жасалған ұлттық әдебиеттануғылымының әр буын өкілдері жазған ол еңбектер өз уақытына жауап берген, алдағы уақытта да белгілідәрежеде басқа қырынан қызмет ететін игілікті іс деп қарауға болады. Мақалада осы зерттеулерге сүйенеотырып, қаралып отырған шығарма табиғатын саясат әсерінен ада, жаңа тәуелсіз сана тұрғысынанқарастырдық. Повестің екі нұсқасының пайда болуының бұрын айтылмай келген саяси-әлеуметтікастарын ашуға тырыстық, жазушы лабораториясының соны қырларына барлау жасадық.
Сведения
- Журнал
- Keruen
- Опубликовано
- 2025 · Т. 86, № 1, С. 100-115
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2078-8134 · 2790-7066
- Издатель
- Institute of Literature and Art named for M. Auezov