ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНЕ МАЖАР ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ КӨЗҚАРАСЫ
Мақалада ХІХ ғасырда мажар ғалымдарының қазақ әдебиетіне қатысты зерттеулері талданады. Қазақ әдебиеттануында қазақ әдебиетінің шетелдерде танылуына ерекше мән беріледі, себебі ұлт әдебиеті әлемдік үдерістерге үн қоса алатын жоғары деңгейде болуы тиіс. Қазақ ауыз әдебиетінің мұралары өткен ғасырдарда Еуропадан қазақ жеріне саяхаттаған ғалымдардың еңбектері арқылы еуропалық, одан әрі әлемдік қауымдастыққа таныла бастады. Кейбір ғалымдар өздері тікелей қазақ жеріне сапар шекпесе де, сол ғасырдағы саяхатшылардың еңбектерін еуропа тілдеріне аударып басумен айналысты. Қазақ-мажар әдеби байланыстары осындай жазбалардан басталады. Мақалада бірінші рет трансильваниялық мажар полигисторы Шамуэль Брашшаидің «Қырғыз-қазақтар» (1835) атты этнографиялық очеркіндегі қазақ халқының ақындық таланты, көркемдік қиялының күші, суырып салмалық өнері туралы пікірлеріне қоса, «Ер Тарғын» жырынан келтірілген үзіндісіне талдау жасалды. Сонымен қатар 19 ғасырдағы атақты мажар түркітанушысы Армин Вамберидің «Орта Азияға саяхат» (1865), «Түркі нәсілі: этнологиялық және этнографиялық көзқарас» (1885) және тағы басқа еңбектеріндегі қазақ ауыз әдебиетінің өзіндік сипаты, жанрлық ерекшелігі туралы пікірлері мажар тілінен тікелей аударылып, салыстырмалы зерттеу әдісі арқылы талданып, әдебиеттанушы ғалымдардың назарына ұсынылып отыр. Мажар ғалымы Йожеф Туридің Орта Азия халықтары туралы «Орта Азия түркі әдебиеті» (1904) зерттеуі ортазиялық түркі әдебиетіне қоса алғанда қазақ әдебиетіне де ортақ әдеби құбылыстар мен ерекшеліктер туралы баяндайды. Мажар ғалымы бұл еңбегінде Орта Азиядағы жазба әдебиетінің дамуын сипаттайды. Бұл ғалымдардың жазып қалдырған еңбектеріндегі қазақ әдебиеті туралы құнды пікірлердің қазақ-мажар, қазақ-еуропалық әдеби байланыстар үшін өте маңыз зор деп ойлаймыз.
Сведения
- Журнал
- Keruen
- Опубликовано
- 2025 · Т. 86, № 1, С. 85-99
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2078-8134 · 2790-7066
- Издатель
- Institute of Literature and Art named for M. Auezov