ҚАДЫР МЫРЗА ӘЛИ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЭТНОМӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР
Мақалада 1960-1990 жылдардағы Қадыр Мырза Әли поэзиясының идеялық-тақырыптық ерекшеліктері, ақынның ұлттық құндылықтарға көзқарасы, туған жерін жырлаған толғаулары, ұлттық сана-сезім жөніндегі тебіреністері қарастырылады. Сондай-ақ Кеңес дәуірі кезеңіндегі социалистік идеяның үстемдік құруынан, коммунистік партияның әдеби процеске араласуынан, шектен шыққан (цензура) шектеушіліктен, ой-пікірге салынған тұсаудан қазақ поэзиясының дамуы тежелген тұста жолсыздан жол тапқан Қадыр Мырза Әли шығармашылығы талданады. Дереккөз ретінде ақынның «Дала дидары», «Күміс қоңырау», «Домбыра», «Қорамсақ», «Көкпар», т.б жыр жинақтары негізге алынып, оның көп мағыналы және ұлттық мәдени құндылықтарды қамтуы әрі өз оқырмандарына тұтындырушы екендігі жан-жақты ашып көрсетіледі. Жүргізілген зерттеу барасында шетелдік және отандық ғалымдардың тұжырымдарына назар аударылды. Тартысқа түскен заманның бір жағы көшпелі, бір жағы отырықшылыққа ауысуы, сондай-ақ өзге ұлттардың қазақ еліне келіп қоныстануы мәдениеттің өзгеруіне алып келгендігі ақын шығармашылығында айқын көрініс табады. Ақынның ең күрделі балалар әдебиетіне де дендеп енуі, өлеңдегі шеберлік шешімі, суреткерлік даралығы, ұлттық салт-дәстүрді дәріптеуі арқылы қазақ поэзиясын түрлендірілуіне қосқан үлесі зерделенеді. Зерттеу жұмысынан алынған нәтижелер біріншіден, Қадыр Мырза Әли өлеңдеріндегі этномәдени құндылықтарды қарастыра мейілінше жырлағанын, екіншіден этономәдени құндылықтардың ұлт өміріндегі маңыздылығын көрсетеді. Үшіншіден, өз дәуіріндегі дүниетанымы арқылы социализм шектеуінен өлеңдегі шеберлік, сөз қолдану тәсілімен шыға алуы, қазақ поэзиясын жаңа деңгейге көтергені анықталды. Қадыр Мырза Әли поэзиясының басты бағыты қазақ ұлтының тұнып тұрған этномәдени құндылықтары болғандықтан, мәңгілік ел болудағы ұлтымыздың болмысын сақтауда, бағдар етуде және өскелең ұрпақтың патриоттық рухын сомдауда бірден-бір қолданар қажеттілік болады.
Сведения
- Журнал
- Keruen
- Опубликовано
- 2025 · Т. 86, № 1, С. 68-84
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2078-8134 · 2790-7066
- Издатель
- Institute of Literature and Art named for M. Auezov