Central AsianResearch Index
Keruen2025

ХХІ ҒАСЫР ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕР

Мақалада ХХІ ғасыр поэзиясының көркемдік көкжиегі көркемдік әдіс-тәсілдер мен ақындардың стильдік ерекшелігі негізінде қарастырылған. Қазіргі лирикадағы дәстүр ұласуы баллада, арнау, ода, жарлау, жоқтау, элегия үлгілерімен жинақталса, жаңашылдық мадақ, мінәжат жырларымен, поэзиядағы шумақ, тармақ, буын, бунақ, ұйқас еркіндігімен айшықталған. Т.Тәшеновтің «Бір ақын ағам туралы баллада», «Түн баласы, су анасы», «Ғашық жанға хат» балладалары мен А.Шегебайдың, Ұ.Дәлейұлының арнаулары лириканың жекелеген жанрларының заңды жалғасы ретінде танылған. Махаббат лирикасы Д.Берікқажыұлы мен Ж.Немеребайдың ғашықтық жырларына негіз болса, азаматтық лирика Ж.Немеребай өлеңдері негізінде пайымдалды. Шығыс поэзиясынан жалғасып келе жатқан діні философиялық мінәжат өлеңдер, яғни Аллаға құлшылық, Пайғамбарларға мадақ жырлары С.Қосан туындыларымен айшықталған. Ақындардың ел өміріндегі ірілі-ұсақты оқиғаларды дер шағында жырға қосып отыратындығы 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі, 2020 жылғы «COVID-19», 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы туралы лирикалық, эпикалық поэмалармен дәлелденген. Б.Бабажанұлының «Ниетқабыл», «Жаумытбай», Д.Кәпұлының «Маябоздақ» Б.Беделханұлының «Рух жыры» поэмаларымен ұлттық поэзиядағы кең құлашты эпикалық жанрдың дәстүрлі жалғасы мен түрлік, мазмұндық жаңалықтары ретінде ғылыми сараланған.

Сведения

Журнал
Keruen
Опубликовано
2025 · Т. 86, № 1, С. 30-44
Язык
Казахский
ISSN
2078-8134 · 2790-7066
Издатель
Institute of Literature and Art named for M. Auezov