Central AsianResearch Index
Keruen2024

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЗІРГІ ӨНЕРІНДЕГІ РОМАНТИЗМ ФЕНОМЕНІ: МҮСІН ЖӘНЕ КЕСКІНДЕМЕ

Бұл ғылыми мақала Қазақстанның мүсін және кескіндеме өнеріндегі романтизмбағытындағы көркем шығармаларын жан-жақты зерттеуге арналған. Мақалада батыс еуропалықромантизмнің еліміздегі көркемдік тәжірибеге әсері мен оның ұлттық өнердің дамуына тигізгенықпалы айқындалды. Зерттеу барысында романтизмнің Қазақстандағы көрінісі, оның мәдениқұндылықтарды сақтаудағы рөлі және елдің ұлттық бірегейлігін қалыптастыру кезеңінде көріністапқан, көркем шығармалардағы маңызды тақырыптар мен стильдер қарастырылды. Қазақ суретшілерімен мүсіншілерінің халық қаһармандары мен тарихи тұлғалардың портреттері, ұлттық табиғат көрінісі,күнделікті тұрмыс пен мәдениет бейнелерін қамтыған шығармалары өнертанушылық тұрғыданталданды. Зерттеу негізінде романтизм сарынында орындалған туындыларда ұлттық аспаптардың,костюмдер мен әшекейлердің бейнелері, сондай-ақ ұлттық ою-өрнектер мен ұлттық нақыштағыэлементтердің жиі қолданылғандығы анықталды. Авторлар мақалада Т.Досмағамбетов, М.ӘйнековӨ.Шанов, Ж.Қайрамбаев, Қ.Әжібеков, Ә.Баяндин және Ж.Кәкенұлы сынды белгілі тұлғалардыңшығармашылығын қарастыра отырып, қазіргі таңдағы бейнеле өнеріндегі негізгі өзекті мәселелермен тақырыптарды талқылады. Бұл зерттеу Қазақстан өнерінің дамуын және оның әлемдік контекстемаңызды орнын айқындай отырып, ұлттық мәдениеттің тарихи тамырларымен байланысын, сондай-ақ қазіргі заманғы өнердегі эстетикалық үрдістер мен шығармашылық бағыттардың өзара қарым-қатынасын көрсетуге мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелері Қазақстанның мәдени мұрасының байлығынәрі оның әлемдік өнердегі орнын дәлелдей отырып, ұлттық романтизмнің өзекті рөлін айқындайды.

Сведения

Журнал
Keruen
Опубликовано
2024 · Т. 85, № 4, С. 221-239
Язык
Казахский
ISSN
2078-8134 · 2790-7066
Издатель
Institute of Literature and Art named for M. Auezov