АЛАШ ҚАЛАМГЕРЛЕРІНІҢ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ТӘУЕЛСІЗДІК ИДЕЯСЫ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР МӘСЕЛЕСІ
Алаш әдебиеті кеңінен зерттелсе де әлі де болса бірізділікке түсірілген жаңаша зерттеулердіқажет етеді. Осы күнге дейін алаш қаламгерлерінің еңбектері дәстүрлі әдіспен жалпы танымдықтұрғыдан біржақты зерттеліп келеді. Тәуелсіздік алған кезеңнен бастап ұлт зиялылары ақталып, өткіреңбектеріне оң баға беріле бастады, осыған орай жаңа зерттеулер қарқын алды. Алаш ардақтыларыныңшығармаларындағы тәуелсіздік идеясы күні бүгінге дейін құныдылығын жоймаған тақырыптардыңбірі. Мақалада алаш қаламгерлерінің қалың оқырманын ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке баулитынтәуелсіздік идеясы жайындағы шығармаларын оқытудың өзектілігі тиек етілді. Бұл мақалада алашақиықтарының ұмыт болған тәуелсіздік идеясын тұғыр еткен рухани шығармаларын қайта жаңғыртыпоқытуға негізделеді. Шығармаларда көтерілген өткір мәселелерді жаңаша ашып, интеллектуалдықрухани деңгейін көтеріп оқыту. Сондай-ақ, алаш қаламгерлері өлең-жырлардағы ұлттық құндылықтардыжаңғырту дәріптелді. Алаш әдебиетіндегі тәуелсіздік идеясының айқын көрінісі, жаңаша зерттеутуралы ғылыми пікірлер тиянақталды. Алаш қаламгерлерінің тәуелсіздікті аңсау негізінде жазылғаншығармаларының ерекшеліктерін айқындай отырып, білімсіздікпен күрес, ұлттық рух, тіл, дін,діл мәселесіндегі өмір шындығы мен көркем шыңдықтың сәйкестігі туралы тақырыптар кеңіненқарастырылады. Алаш қаламгерлерінің мол рухани байлықтарындағы әдеби, мәдени құндылықтардыңөркен жолы дараланады. Алаш қаламгерлері еңбектерінің мән-мазмұны сараланып, негізгі олардыңшығармашылығындағы өзіндік ұстанымдары айқындалады. Алаш қаламгерлерінің еркіндік жолындағыұлттық мұраттары, ұлтының тек білім жағынан ғана емес, сондай-ақ рухани ұлттық сананың оянуытурасындағы ортақ толғамдары мен көзқарастары, ағартушылық бағыттағы ортақ сипаттары, ұлттықрух жаңғыруы талқыланады.
Сведения
- Журнал
- Keruen
- Опубликовано
- 2024 · Т. 85, № 4, С. 183-194
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2078-8134 · 2790-7066
- Издатель
- Institute of Literature and Art named for M. Auezov