АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖҮЙЕСІ
Отандық әдебиеттану саласындағы маңызды бағыттардың бірі – абайтану. АбайҚұнанбайұлы шығармашылығы осы уақытқа дейін тек әдебиеттану шеңберінде ғана емес, өзге десалалардың зерттеу нысанына айналып үлгерді. Ақын мұрасын тану мақсатында Алаш қайраткерлерініңмұрасынан бастап қазіргі кезге дейін көптеген ғылыми еңбектер жарық көрді. Әр кезеңде абайтанусаласының әр түрлі мәселелеріне көңіл бөлінді. Себебі Абай Құнанбайұлы мұрасы әдебиетіміздің,мәдениетіміздің, тарихымыздың – жалпы ұлттық руханиятымыздың ажырамас бөлігі. Өйткені ақынмұраларында қазақ елінің әлеуметтік жағдайы, тарихы мен мәдени болмысы жан-жақты ашылады.Сонымен қатар әр өлеңінен ақынның қоғамдық, мәдени-эстетикалық, философиялық көзқарастарыайқын көрінеді. Аталған жұмысымызда Абай Құнанбайұлы шығармаларындағы жалпыадамзаттыққұндылықтар жүйесі, ұлт болмысы, мінезі кеңінен ашылатын тұстары нақты өлең жолдары, мысалдарарқылы кеңінен қарастырылады. Сондай-ақ, ақын шығармаларындағы ұлттық мінез типологиясы,болмыс қырлары жан-жақты талданады. Абай шығармаларындағы ұлттық және жалпыадамзаттыққұндылықтар жүйесі, Абай танымындағы ұлттық мінез типологиясы секілді өзекті тақырыптарталданып, ұлт мінезін түзеу, рухани кемелдендіру мұратының мәні, қыры айқындалады. Сол арқылыАбай танымындағы құндылықтар жүйесін жаңа қырынан танып, зерделеуге мүмкіндік ашылады.
Сведения
- Журнал
- Keruen
- Опубликовано
- 2024 · Т. 85, № 4, С. 169-182
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2078-8134 · 2790-7066
- Издатель
- Institute of Literature and Art named for M. Auezov