ХАЛЕЛ ДОСМҰХАМЕДҰЛЫНЫҢ ФИЛОЛОГИЯЛЫҚ ЕҢБЕКТЕРІНДЕ ҰСТАНҒАН ГЕРМЕНЕВТИКА ҚАҒИДАТТАРЫ
Мақалада Халел Досмұхамедұлының филологиялық еңбектерінде зерттеудің негізгіәдісі ретінде алынған герменевтика қағидалары мен эдиция ережелерінің көрінісі зерделенді.Негізгі мамандығы (медицина, жаратылыстану, табиғаттану) бойынша жазылған еңбектерінен тысХ.Досмұхамедұлы гуманитарлық ғылымдардың көптеген өзекті мәселелерін алғашқылардың біріболып ғылыми зерттеу нысанына алды. Тілтану, терминжасау, аударма, әдебиеттану, фольклортануғылымдарының қалыптасып, дамуына зор үлес қосты. Қазақтың тарихына, этнопсихологиясынақатысты зерттеулер жазды. Фольклорлық мұраны жинап, жариялаудың қоғам үшін зәрулігі менмаңыздылығын басқа да Алаш қайраткерлері тәрізді жақсы түсінген Х.Досмұхамедұлы фольклормәтіндерін жинады, жариялады және зерттеді. Сондай-ақ ғалым ХІХ ғ. ақын-жыраулар поэзиясынел аузынан жинап, жариялап, ғылыми айналысқа енгізді, зерттеді. Мақалада Х.Досмұхамедұлы қазақғылымында бірінші болып герменевтика мен соның аясында қалыптасқан эдициялық мәтінтанудыңережелерін негізгі зерттеу әдісі ретінде таңдағаны зерделенді. Ежелгі Грекияда б.з.д. 480-323 жж.аралығында орын тепкен шығармашылық үдерістерден бастау алған, философиялық сипатқа иегерменевтика методологиясы мәтінді туғызған тарихи-мәдени мен ситуативті контекстерді зерттеу,ақын, жыршы, жыраудың ойын, түпкі ниетін анықтау арқылы мәтіннің тереңде жатқан мән-мағына-сын ашуға, танып ұғынуға, адекватты интерпретациясын жасауға мүмкіндік береді. Тану, ұғыну, түсінусынды философиялық категорияларды зерттеу құралы еткен Х.Досмұхамедұлы 1922 ж., яғни 102жыл бұрын «Абай тек өлеңші емес, терең саналы адам, философ. Жазған сөзін түсінуге ой керек» депкөрегендікпен жазған. Еуропа ғылымының жетістіктерін меңгерген Х.Досмұхамедұлының үздік ойлыеңбектері өзімен бірге репрессияға ұшырады. Көп жылдар бойы отандық ғалымдар олардан бейхабарболды. Алайда, бүгінгі таңда ХХІ ғасыр ғылымы аясында да оның еңбектері айтарлықтай ғылыми-практикалық әлеуетке ие.
Сведения
- Журнал
- Keruen
- Опубликовано
- 2024 · Т. 85, № 4, С. 17-29
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2078-8134 · 2790-7066
- Издатель
- Institute of Literature and Art named for M. Auezov