МЕЙЕРХОЛЬД БИОМЕХАНИКАСЫНЫҢ САХНА ТІЛІНДЕГІ АРТИКУЛЯЦИЯ МЕН ЭКСПРЕССИВТІЛІККЕ ӘСЕРІ ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ ТЕАТР КЕҢІСТІГІНДЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ
Қазақ театр өнерінің әлемдік сахна кеңістігіне шығуға немесе әлемдік театрларымен терезесі тең болу үшін тіпті заманауи жаңа биіктерден көріну үшін, классикалық болмаса бүгінгі күн драматургиясын дәстүрлі жолмен сахналау аздық етеді. Олай болса қойылымдардың сахналық шешімін жаңа қырынан көрсеткіміз келсе, актерлық ойын методикасын, тәсілін жаңа деңгейге көтергіміз келсе, сахнада сөйлеу мәнері нақты, қарқынды, мәнерлі болу үшін жаңа бағыт іздеу керектігі бесенеден белгілі. Яғни бұл мәселе сұранысқа ие болып тұрған бүгінгі қазақ театр кеңістігінде өте актуалды жағдай. Сондықтан театр актері әрі ұстаз ретінде іздене келе, біздің қазақ театр өнерінде қолданыста болмаған, болса да бірлі-жарым қойылымдарда азды-кем қолданылған, бірақ кеңінен зерттелмеген, өткен ғасырда постсоветтік елдерде, Ресейде пайда болып, тек Ресей театрларында, оның өзінде де кейбір театрларда ғана қолданылған Мейерхольд биомеханикасы жайлы ізденісімді жаңа күнге, жаңа буынға сахналық тәжірибе ретінде ұсынуды жөн көрдім. Себебі Мейерхольд биомеханикасын біз атын естіп білсекте әлі қыр-сырына ғылыми бағытпен бара қоймаған өте тың, қиын және терең ізденіс пен дайындықты талап ететін бүгінгі күннің сұранысына дәл келіп тұрған тәсіл.Бұл ғылыми мақала Мейерхольд биомеханикасының сахна тіліндегі артикуляция мен экспрессивтілікке әсерін зерттейді, сонымен қатар оның қазіргі театр өнерінде қолдануын қарастырады. Бұл тәсіл актерлік шеберліктің дамуына айтарлықтай үлес қосты. Мақала Мейерхольд биомеханикасының негізгі принциптерін сондай-ақ заманауи театр өнеріндегі зерттеулер мен практикалық қолдану мысалдарын да қарастырады.Талдау кезінде Мейерхольд өзі сахналаған Гогольдің «Ревизоры» және М.Әуезов театрында қойылған Ғ.Мүсіреповтің «Махаббат дастаны» (реж.Қ.Сүгірбеков) спектаклдері арқылы «биомеханика» тәсілінің актерлық ойынның басқа форматта болуымен қатар, оның сахна тілі мен сахна тіліндегі артикуляцияға ықпалының нақты екеніне көз жеткіздім. Мейерхольд биомеханикасын заманауи театр өнерінде қолдану және сахна тіліне қатысты ерекшелігін білу, актрелерге өз мүмкіндіктерін кеңейтуге және есте қаларлық әрі әсерлі қойылымдар, көркем бейнелер жасауға мүмкіндік береді. Осы жолдағы ізденіс пен жасалатын жұмыстар, қойылатын қойылымдармен кез-келген халықаралық додаларда өзге елдермен тереземіз тең боларына кәмілмін.
Сведения
- Журнал
- Keruen
- Опубликовано
- 2024 · Т. 84, № 3, С. 286-296
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2078-8134 · 2790-7066
- Издатель
- Institute of Literature and Art named for M. Auezov