Central AsianResearch Index
Keruen2024

ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ САН МӘНДІ СИМВОЛИЗМ ҮЛГІЛЕРІ

Мақалада VIII ғасырда араб тілінде жазылған «Китабул-му’амма» (Құпия тіл кітабы) шығармасында негізі қаланған, кейіннен Шейх Ахмет Құдайдад Таразидің парсы тілінде жазылған «Фонун әл-бәлағә» (Көркем сөз өнері) кітабында кеңінен cөз болатын әрі орта және соңғы ғасырлардағы түрік халықтарының жазба ескерткіштері мен кейінгі қазақ әдебиетіндегі «муамма» жанрының үлгілері зерттеу нысанына алынған. «Муамма» – шығыс әдебиетінде кездесетін жанрдың бір түрі. Қазақ тілінде «бүркемелеу», «құпиялау», «жасыру» деген мағыналарды білдіреді. Бұл әдіс арқылы автор шығармада өз атын ашық айтпай, тіпті әдеби тахаллусын (псевдоним) да келтірмей, есім-сойын белгілі бір санмен береді. Сондай-ақ шығарманың жазылған уақыты секілді нақты күнтізбелік (даталық) яки басқа да сандық ақпараттарды да белгілі бір сөзбен айшықтайды. Ал ол сандар мен сөздердің өзара байланысы араб тіліндегі әбжат ілімі арқылы жүзеге асады. Бұған шығыс әдебиетінің жауһар туындыларынан бөлек, арғы-бергі кезеңдегі қазақ әдебиетінен де біршама мысалдар келтіруге болады. Атап айтқанда, Ш.Жәңгірұлы, Ш.Құдайбердіұлы, М.-Ж.Көпейұлы, Е.Раушанов, Е.Жүніс, А.Елгезек, Б.Сәрсенхан, М.Мыса секілді ақындардың шығармаларындағы аталмыш жанрдан туатын сан мәнді символизм элементтері анықталып, оларға салыстырмалы-типологиялық, компаративистік және герменевтикалық талдаулар жасалады. Қазақ поэзиясында «муамма» жанрының үлгілері біршама кездессе де, бұл әдеби түр әлі күнге дейін қазақ әдебиеттануында арнайы зерттелмеген. Біз осы зерттеу жұмысын жүргізу арқылы қазіргі заман поэзиясын жаңа қырынан тануға, қазақ поэзиясындағы модификация (форма, ырғақ, стиль) құбылысын бағамдауға және ақындардың жұмбақ әлеміне дендеп енуге мүмкіндік аламыз.

Сведения

Журнал
Keruen
Опубликовано
2024 · Т. 84, № 3, С. 181-193
Язык
Казахский
ISSN
2078-8134 · 2790-7066
Издатель
Institute of Literature and Art named for M. Auezov