М.ОМАРОВАНЫҢ ПЬЕСАЛАРЫНДАҒЫ ДӘСТҮРЛІ ЖӘНЕ МОДЕРНИСТІК АЙШЫҚТАР
Бұл мақалада қазіргі қазақ драматургиясының көрнекті өкілі М.Омарованың драмалық туындылары талдау нысанына алынған. Себебі, 30-дан астам пьеса жазған және оның 25-і республикалық һәм облыстық театрларда қойылған автордың шығармалары әлі күнге дейін әдебиеттанушылардың назарына көп іліге қойған жоқ. Мақалада драматургтің қаламгерлік қолтаңбасы, көркем шығармаларының өзіндік ерекшеліктері қазіргі әдебиеттің көркемдік-эстетикалық үрдістері аясында талданады. М.Омарова – тарихи тақырыпты та, заманауи тақырыпты да қатар игерген жазушы. Сондықтан, мақалада жазушы-драматургтің тарихи жанрдағы пьесаларымен бірге, қоғамның қазіргі түйткілді мәселелерін арқау еткен туындылары да талданып, олардың жанрлық-стильдік, мазмұндық-формалық ерекшеліктері туралы сөз етіледі. Әдетте, жазушы тарихи тақырыптағы шығармаларында классикалық әдебиеттің поэтикалық мүмкіндіктерін кеңінен қолданатын болса, қоғамның әлеуметтік мәселелерін арқау еткен шығармаларында модернизм мен постмодернизм поэтикасының мүмкіндіктерін пайдаланатыны байқалады. Біз оны жазушының көркем шығармаларындағы уақыт пен кеңістіктен, кейіпкерлер бейнесінен және шығарма тілінен көреміз. Өз кезегінде жазушының заманауи тақырыптағы пьесалары түрлік-формалық, нарратологиялық-дискурстық тұрғыдан да өзгеше екендігі анықталды. Мақала қазіргі қазақ драматургиясының беталысын бағамдап, болашағына болжал жасауға, қазіргі жас қаламгерлердің қолтаңбасын тануға, жаңа драма жанрының табиғатын тереңірек түсінуге және М.Омарованың шығармашылық әлемімен жақынырақ танысуға сеп болады.
Сведения
- Журнал
- Keruen
- Опубликовано
- 2024 · Т. 84, № 3, С. 169-180
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2078-8134 · 2790-7066
- Издатель
- Institute of Literature and Art named for M. Auezov