Central AsianResearch Index
Keruen2024

«АҚ ЖОЛ» ГАЗЕТІ ЖӘНЕ ХАЛЫҚ МӘДЕНИЕТІ

Мақалада 1920-1926 жылдар аралығында қазақ мәдени-саяи өмірінде маңызды рөл атқарған «Ақ жол» газеті беттерінде жарияланған халықтық салт-сана, фольклорға қатысты материалдар арнайы зерттеу нысанына алынды. Жекелеген пікір, хабарламадан бастап, жарияланған фольклорлық мәтіндермен қатар мақала, кітап талқылау барысындағы пікір-таластар, ұсыныстар назарға алынды. Сондай-ақ, баспа мәдениетін дамыту, халық мұрасын бастырудың өзіндік ерекшелігіне мән беріп, алғашқы тәжірибелерін қалыптастырудағы ой-пікірлері де қамтылды. Халық тұрмыс-тіршілігі мен мәдени мұрасына қатысты «Ақ жол» басылымында жарияланған сан түрлі сипатты материалдарды жіктеу, саралау арқылы халық мұрасын жинау, жариялау, зерттеу ісі Алаш қайраткерлерінің саяси-идеялық ұстанымдарының маңызды бір бөлігі болғандығы айқындалды. Сонымен қатар бұл атқарылған істердің қазақ фольклортану ғылымының даму, қалыптасу жолындағы белесті кезең болғандығы ғылыми тұжырымдалды. Мақалада алаш қайраткерлерінің түрлі қуғын-сүргін мен саяси қысымға қарамастан, ұлт рухын өшірмеудің амал-тәсілінің маңызды бөлігі ретіндегі ұстанымдарына талдау жасалды. Алаштық жасампаз рухтың бүгінгі өскелең ұрпақтың ұлттық санасы мен патриоттық сезімін тәрбиелеудегі рөліне мән беріліп, ғылыми ой-танымдарының қазіргі фольклортану ғылымын зерттеу ісіндегі жалғастығы қарастырылды. Мақалада «Ақ жол» беттерінде жарық көрген фольклорлық материалдарды талдау, талқылаулары арқылы Алаш қайраткерлерінің көшпелі дала мәдениетінің өзіне тән ерекшелігі мен даму жолына айырықша мән беріп, қазақ фольклоры мен қатар туыстас түркі халықтарынының халықтық мұрасын да ортақ қазына тұрғысынан қарастырған көзқарастарына баға берілді.

Сведения

Журнал
Keruen
Опубликовано
2024 · Т. 84, № 3, С. 136-151
Язык
Казахский
ISSN
2078-8134 · 2790-7066
Издатель
Institute of Literature and Art named for M. Auezov