Central AsianResearch Index
Keruen2024

АЙГҮЛ КЕМЕЛБАЕВАНЫҢ «ТЫРНАҚ» ӘҢГІМЕСІНДЕГІ АВТОР ЖӘНЕ ОҚЫРМАН КОДЫ ЭНТРОПИЯСЫ

Аталған мақалада қазіргі қазақ әңгімесіндегі автор және оқырман коды энтропиясы мәселесі қарастырылады. Жазушы Айгүл Кемелбаеваның «Тырнақ» әңгімесінде шығыс және батыс әдебиетінен байқалатын әңгіме ішіндегі әңгіме стилінің қазақ прозасына өзіндік қазақы нақышпен өрнектеліп, әлем әдебиеті синтезі тұрғысында көрінгенін пайымдаймыз. Жазушының әдебиеттанушы ретінде жеке шығармашылығына сыни көзқараспен қарап, журналиске берген түйінді пікіріне-сұхбатына сүйеніп, жалғаспалы зерттеу ретінде талдап, өз тарапымыздан кейіпкер психологиясындағы энтропия мәселесін ұсынамыз. Аталған мәселенің теориялық негізделуін ресей әдебиеттануында филология ғылымдарының докторы, мәдениеттанушы Юрий Лотманның «Көркем мәтіннің құрылымы», «Поэтикалық мәтіннің анализі» атты зерттеу еңбегінде талданғанымен байланыстыра аламыз. Бұдан кейін бірнеше ғылым тоғысында талқылаулар, сол негізде зерттелген қорытындылар практикалық жұмысқа қолдану түрінде жалғасты. Психолог Екатерина Давыдованың практикалық психологияда қарастырған энтропия мәселесі тұжырымдары біз қарастырып отырған қазақ әңгімесіндегі мистикaлық жұмбақтау, кейіпкер психологизмі тармақтарын жаңаша пайыммен зерттеуге мүмкіндік берді. Сондықтан жазушы Айгүл Кемелбаеваның әңгімесі арқылы көркем мәтіндегі автор және оқырман коды энтропиясы тақырыбы жеткілікті дәлелмен ашылады. Автор және оқырман коды энтропиясы тақырыбын зерттеудегі әртүрлі көзқарастар мен тәсілдер де ескерілген. Автор мен оқырман кодының энтропиясы көркем мәтіннің әртүрлі аспектілеріне және оны қабылдауға әсер ететін қызықты және күрделі тақырып. Анықталуы дау тудыратын мәселенің бірі саналады. Солай бола тұра, бұл теорияны қазақ әңгімесінің көркемдік қызметінде aнықтaу жұмысы жүргізіледі. Қaзіргі қазақ әңгімесіндегі әдебиеттегі вампиризм тәсілінің көрінуі мен психология элементі де энтропияның біліну көркемдігі деп бaғaмдaлады.

Сведения

Журнал
Keruen
Опубликовано
2024 · Т. 84, № 3, С. 105-121
Язык
Казахский
Цитирований
1
ISSN
2078-8134 · 2790-7066
Издатель
Institute of Literature and Art named for M. Auezov