Central AsianResearch Index
Keruen2024

ҚАЗАҚ ТІЛДІ ИНТЕРНЕТ КЕҢІСТІКТЕГІ ТІЗБЕК ХАТТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ТАРАЛУЫ

Мақалада қазақ тілді интернет кеңістіктегі шынжыр хаттардың түрлері мен таралу аспектілері алғаш рет сараланды. Шетелдік постфольклорлық зерттеулерге шолу жасалып, қазақ тілді әлеуметтік медиадағы шынжыр хаттарда айтылатын хабардың шынайылығына немесе жалғандығына, адресатқа зиянды-зиянсыздығына, мазмұны мен мағынасына қарай топтастырылып, постфольклорлық материалдар стилдік-құрылымдық жағынан талданды. Зерттеу нысаны ретінде қазақ тілді интернет кеңістікте трансформацияланған қалпында таралып жүрген діни-мистикалық мазмұндағы және әлдебір қауіптен сақтандыру мақсатында жазылған шынжыр хаттар қарастырылды. Діни-мистикалық мазмұндағы хаттарда жиі кездесетін код сөздер мен сандар анықталды. Зерттеуде жаһандану жағдайындағы диджитал фольклор жанрының бірі шынжыр хаттардың әлеуметтік желіде кең таралуына наным-сенімдер мен қауесеттердің ықпалы талданды. Зерттеу жұмысында салыстырмалы әдіс, кешенді зерттеу, салыстырмалы-тарихи талдау, жүйелі талдау әдістемесі, контент-талдау, т.б. пайдаланылды. Шынжыр хаттардың интернет желісінде таралу мүмкіндігі ғылыми тұрғыда зерделеніп, оған баға беру қажеттігі контент талдау барысында дәлелденді. Қазақ тілді виртуалды коммуникациядағы шынжыр хаттардың үлгілерін зерттеу виртуалды коммуникациядағы постфольклордың жанрлық трансформациясын бағамдауға мүмкіндік береді. Мақалада қазақ тілді интернет кеңістіктегі шынжыр хаттардың қандай түрлері бар екенін анықтау мақсатында мессенжерлер арқылы таралып жүрген хабарламалардың мазмұны қарастырылып, олардың таралуына әсер ететін факторлар нақтыланды.

Сведения

Журнал
Keruen
Опубликовано
2024 · Т. 84, № 3, С. 93-104
Язык
Казахский
ISSN
2078-8134 · 2790-7066
Издатель
Institute of Literature and Art named for M. Auezov