ЛИРА ҚОНЫС ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ МИСТИКАЛЫҚ, МАГИЯЛЫҚ МОТИВТЕРДІҢ ИНТЕРПРЕТАЦИЯЛАНУЫ
Мотив баяндау поэтикасының феномені ретінде арнайы ғылыми зерттеулердің нысанасына айналуда. Әдеби мотив – бұл бірқатар шығармаларда қайталанатын көркем мәтіннің семантикалық тұрақты элементі. Мотив мазмұнның ажырамас әрі қарай элементін білдірмейді, шығармашылық үшін бастапқы сәт, автордың идеялары мен сезімдерінің жиынтығы, жеке рухтың көрінісі ретінде сипатталады.Мотивтер жүйесі шығарма мазмұнындағы сюжеттік оқиғаның тұтас негізін құрайды және автор жасаған әлемнің тұжырымдамалық бірлігін білдіреді. Мотив мәселесін зерттеген А.Н. Веселовский, И.М. Попова мен Л.Е. Хворовалар көркем шығарманың сюжеттік оқиғасы не туралы болса, сол мотив деп санайды. Қазақ әдебиетінде мотивті сюжеттік сарын ретінде қарастырған. Бір сюжеттегі сарын басқа шығармаларда да қайталануы мүмкін. Көркем шығармадағы мистикалық, магиялық мотивер жазушылардың шеберлігі мен суреткерлік танымына байланысты шығарма мазмұнында әр түрлі көрініс табады. Бұл тұжырымдаманы әдеби талдаусыз көркем мәтіннің көптеген мәселелері мен аспектілерін түсіну қиын.Мақалада әдебиет әлеміне өзінің сырлы да нәзік лирикасымен келген, шығармалары оқырмандарының ыстық ықыласына бөленген қаламгер Лира Қоныстың тәуелсіздік кезеңінде туған микросюжетті шығармаларындағы магиялық, мистикалық мотив іздері талданды. Мистикалық таным желісімен жазылып шыққан шығармаларындағы қоғам бейнесін, рухани азғындаған заман көріністерін суреттеу ерекшеліктерін талдау арқылы, жазушының қазақ көркем прозасындағы өзіндік алатын орнына, көркемдік-идеялық жаңашыл ізденістеріне талдау жасалды. Жас қаламгердің прозалық туындыларындағы мистика, магияны көркемдік әдіс ретінде қолданылуы арқылы кейіпкерлер психологиясы мен өмірді болжаудағы, әлеуметтік мәселелерді көтерудегі көркемдік-поэтикалық ерекшелігі қарастырылды.
Сведения
- Журнал
- Keruen
- Опубликовано
- 2024 · Т. 84, № 3, С. 72-82
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2078-8134 · 2790-7066
- Издатель
- Institute of Literature and Art named for M. Auezov