Central AsianResearch Index
Keruen2024

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН КҮЙШІЛІК ДӘСТҮРІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ

Мақала Шығыс Қазақстан, Алтай-Тарбағатай күйшілік дәстүрінің зерттелу тарихын, өңірлерге жасалған экспедициялар нәтижелерін, осы дәстүрге байланысты шыққан ғылыми еңбектерді саралауға және күйлерге талдау жасауға бағытталған. Қазіргі таңда кейбір күй өнері мамандарының арасында «Шығыс Қазақстан күйлері бірсарынды, бір-біріне ұқсас» деген стереотипті пікірлер қалыптасқан. Сол себепті аталмыш күйшілік дәстүрдің Баян-Өлгий, Іле, Алтай-Тарбағатай, Шыңжаң, Шығыс Түркістан сияқты ірі аймақтарының мұрасы біршама зерттелгенімен, Шығыс Қазақстанның Күршім, Зайсан, Марқакөл, Катон-Қарағай, Шұбартау, т.б. ішкі аудандарында сақталған туындылар мен олардың шығарушылары, жеткізушілері туралы зерттеу жұмыстары кенжелеп тұр. Олар туралы бірлі-екілі еңбектерде тек танымдық ақпараттар берілгенімен, күйлердің барлығы дерлік нотаға түсіріліп, талданбаған. ХХ ғасырдың 60-жылдары бұл аудандарға жасалған экспедиция материалдары қазіргі таңда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Фольклорлық ғылыми зертханасында сақтаулы. Онда Шығыс Қазақстанның түкпір-түкпірінде өмір сүрген күйшілер жаздырған көптеген авторлық және халықтық туындылар бар. Жоғарыда аталған мәселелерді ескерсек, Шығыс Қазақстан күйшілік дәстүрін әлі де терең қарастырып, күйлерін нотаға түсіріп, олардың дыбыс сапасын жақсарту, күй жинақтары мен зерттеу еңбектерін шығару кезек күттірмейтін мәселелердің қатарында екені сөзсіз. Бір мақала көлемінде бүкіл күйшілік мұраны қамту мүмкін болмағанымен, осы бір өзекті мәселені жазу барысында сирек орындалатын бірнеше күйлерге талдаулар келтірілді.

Сведения

Журнал
Keruen
Опубликовано
2024 · Т. 83, № 2, С. 374-391
Язык
Казахский
ISSN
2078-8134 · 2790-7066
Издатель
Institute of Literature and Art named for M. Auezov