Central AsianResearch Index
Keruen2024

ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ӨНЕР ЖӘНЕ ОНЫҢ ӘЛЕМЕТТІК МӘДЕНИЕТТЕГІ ОРНЫ

Мақала қазіргі бейнелеу өнеріндегі авангардтық ағым-бағыттарға арналған. Қазіргі заманғы өнер деп аталатын бұл жаңа ағымның бір түрі перформанс пен инсталляция шығармаларын зерттеуге бағытталған. Концептуалды өнерде жұмыс жасайтын суретшілер шығармашылығы кеңінен қарастырылып, инсталляциялары мен перформанстарына кешенді талдау жасалды. Қазіргі өнердегі перформанстың түп тарихы мен типологиялық ерекшелегін қарастыра келе, перформанстың негізгі төрт элементі, түрлері мен өзіндік даралығы зерттелді. Қазақстанның қазіргі заманғы өнері, оның ішінде перформанстың қарқынды дамуы тәуелсіздік кезеңімен тұспа-тұс келгені жайында сөз қозғалып, отандық концептуалды өнерге шолу жасалды. 90-жылдары трансавангард қозғалысының негізін тұрғызған «Қызыл трактор» тобының көркем суреті, инсталляциялары мен перформанстары, графикасы сипатталып. Заманауи суретшілер отандық «Adyr-aspan» тобының мүшелері – Алия Абубакирова, Гүлмарал Тәттібай, Бейбіт Әсемқұл, Наталья Лигай, Жеңіс Нұртасұлы суреткерлігі талданды. Сонымен қатар, әлемдік бейнелеу өнеріндегі перформанс пен инсталляция терминдеріне шолу жасалып, әлем өнертануындағы бұл терминдердің анықтамалары беріліп суретшілер перформанстары мен инсталляциялары сарапталды. Заманауи бейнелеу өнеріне келген перформанс, инсталляция ұғымдарының жаңа термин болып бекітілгендігін негіздейтін теориялық ғылыми еңбектер мен авангардтық өнердің өкілдері алыс-жақын шетелден И.Кляйн, В.Аккончи, Г.Нич, К.Бурден, Й.Оно, Й.Бойс, ресейлік О.Кулик, М.Абрамович, В.Зарян сынды өнерпаздардың шығармашылығы да назардан тыс қалмады.

Сведения

Журнал
Keruen
Опубликовано
2024 · Т. 83, № 2, С. 333-344
Язык
Казахский
ISSN
2078-8134 · 2790-7066
Издатель
Institute of Literature and Art named for M. Auezov