Central AsianResearch Index
Keruen2024

ЗӘҺИРЕДДИН МҰХАММЕД БАБЫРДЫҢ «БАБЫРНАМА» ЕҢБЕГІНДЕГІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ

Бұл мақалада ұлы патша әрі ақын, дана қолбасшы Зәһиреддин Мұхаммед Бабырдың «Бабырнама» атты еңбегіндегі психологиялық көзқарастары кеңінен қарастырылған. «Бабырнама» – тарихи-әдеби естелік болумен қатар, өмірбаяндық шығарма. Олай дейтініміз шығарма оқиғаларының ортасында Бабыр тұлғасы тұр. Бұл кітаптың тілі жеңіл, түсінікті болуымен қатар мазмұны маңызды тарихи оқиғаларға, философиялық-дидактикалық ойға, көркем образды бейнелеу сөздерге өте бай. Бабыр қарапайым сөздер мен терең ойлар арқылы тілдің құдіретін көрсетіп, әрі беделін асырып отырады. Аталған еңбек мәтінінің сәтті өрнектелуі бірқатар психикалық процестерді бейнелеуімен де ерекшеленеді. «Бабырнама» еңбегін негізге ала отырып, Бабырдың әлеуметтік, әскери, жалпы психологиялық көзқарастарын анықтау барысында, мақаламызда тарихи-салыстырмалы әдіс, сипаттау, қорытындылау, психологиялық талдау әдістері қолданылды. Автор өзі берген кейіпкерлердің келбетімен қатар ішкі жан дүниесіне де үңіліп, тарихи тұлғалардың жақсы жақтарын суреттеп қана қоймай, олардың сызбаларында жағымсыз қасиеттерін де атап көрсетеді. Соны негізге ала отырып, мақаланың негізгі бөлімінде билеуші әмірлерінің жағымды және жағымсыз психологиялық қасиеттеріне диаграмма бойынша психологиялық талдау жасаймыз. Ал зерттеу нәтижесінде автордың шығармадағы психологиялық көзқарастарын негізгі үш топқа бөліп қарастырдық: тұлғалық психологиялық көзқарас, әлеуметтік (қоғамдық) психологиялық көзқарас және әскери психологиялық көзқарас. Зәһиреддин Мұхаммед Бабырдың төл туындысы «Бабырнаманың» зерттелуі мен ғылыми тұрғыдан жан-жақты талдануы қай ғасырда болмасын өзектілігін жоғалтпайды. Сол себепті қорытынды бөлімде «Бабырнаманың» жоғарыда келтірілген шағын үзінділеріне сүйене отырып, ондағы психологиялық ақпараттың маңыздылығын ғана емес, сонымен қатар Зәһиреддин Мұхаммед Бабыр тұлғасының жаңа қырларын ашуға мүмкіндік беретінін атап өттік.

Сведения

Журнал
Keruen
Опубликовано
2024 · Т. 83, № 2, С. 270-284
Язык
Казахский
ISSN
2078-8134 · 2790-7066
Издатель
Institute of Literature and Art named for M. Auezov