Central AsianResearch Index
Keruen2024

ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫНЫҢ «АР» ІЛІМІ МЕН АДАМ БОЛМЫСЫ ТУРАЛЫ ТОЛҒАМДАРЫ

Мақалаға қазақ халқының ірі гуманист ақыны, ғұлама-ойшыл Шәкәрім Құдайбердіұлының «Ар ілімі» мен Адам болмысы туралы философиялық танымы арқау болған. Автор Шәкәрімнің Ар ілімі» мен Адам болмысы туралы философиялық ойларының рухани бастауларын іздеу мен ақынның ұлттық сөз өнерінің философиялық-эстетикалық қуатын арттырудағы еңбегін танытуды мақсат етеді. Зерттеу еңбектеріне сүйене отырып, ақынның Адам болмысына қатысты сыншыл идеялары мен «Ар ілімін» құрайтын «Ар», «Ұждан», «Жан» т.б. философиялық ұғымдары оның лирикасымен сабақтастықта талданады. Көне дәуір ойшылдары Әл-Фарабидің «парасатты адам», Қожа Ахмет Ясауидің «хал ілімі», Абайдың «толық адам» философиясына қатысты айтылған отандық және шетелдік ғалымдардың ілкі және тың пікірлеріне шолу жасалады. Шәкәрімнің «Ар ілімі» қазақ топырағындағы Адам болмысы жайлы ежелгі ілімді толықтырып, жаңа идеялармен байытқаны тұжырымдалады. Бүгінгі күні оның данышпан ойлары ұлтымыздың рухани-адамгершілік келбеті мен жеке адамның құндылықтарын қалыптастырудың философиялық негізі болуға лайықты қазына екені көрсетіледі. Зерттеуде шолу, тарихи-салыстырмалы, талдау, сипаттау, жинақтау әдістері қолданылады. Зерттеу нәтижелері ғұлама ойшылдың гуманистік пайымдары бүгінгі қазақстандық қоғамды рухани-адамгершілік тұрғыдан жаңғыртудың философиялық негізі, әрі қуатты рухани күш бола алатындығына көз жеткізеді.

Сведения

Журнал
Keruen
Опубликовано
2024 · Т. 83, № 2, С. 236-248
Язык
Казахский
ISSN
2078-8134 · 2790-7066
Издатель
Institute of Literature and Art named for M. Auezov