Central AsianResearch Index
Keruen2024

ҚАЗАҚ ФЭНТЕЗИ ЖАНРЫНДАҒЫ КӨРКЕМДІК ІЗДЕНІСТЕР

Мақалада фэнтези жанры туралы еңбектер жазған ғалымдардың ғылыми көзқарастары сараланды. Әлемдік әдебиеттану ғылымында фэнтези жанрының тамыры тереңде екені анық. Дегенмен ұлттық әдебиетімізде фэнтези жанрындағы туындылар баршылық. Мақалада фэнтези жанрының ғылыми фантастикадан жанрлық ерекшелігі көрсетілді. Осы бағытта қазақ әдебиетіндегі фэнтези жанрында шығармалар жазған қаламгер Рүстем Сауытбайдың туындыларына талдау жасалынды. Мақаланың мақсаты мен міндеті – қазақ фэнтези жанрындағы көркемдік ізденістерді зерттеу нысанына айналдыру болып табылады. Сонымен қатар ғылыми мақаланы жазу барысында қаламгер шығармаларының тақырыптық-идеялық, көркемдік мән-мағынасы зерделенді. Зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері мен талдаулар бөлімінде фэнтези жанрының өзіндік ерекшелігіне баса назар аударылды. Осы мәселенің төңірегінде де зерттеулер жүргізілді. Ұлттық әдебиеттануға қатысты А. Байтұрсынұлы, М. Әуезов, С. Қасқабасов сынды т.б. отандық ғалымдардың ой-пікірлері пайымдалды. Қазақ фэнтези жанрының қазіргі таңдағы көрінісі, көркемдік ізденістер, дамуына байланысты ғылыми қорытындылар жасалды. Түйіндеп айтқанда қазіргі қазақ әдебиетіндегі фэнтези жанрының өзіндік бағыты мен көркемдік жүйесі жайлы мәселелер жүйеленді. Сонымен қатар, тек қазақ әдебиеттануындағы осы тақырып төңірегіндегі іргелі зерттеулер мен ғылыми мақалалардан бөлек, шетелдік ғалымдардың да зерттеулеріне баса мән берілді. Фэнтези жанрының шығу төркіні мен негізіне арқау болған мифтер және олар жайлы орыс ғалымдарының зерттеулеріне шолу жасалды.

Сведения

Журнал
Keruen
Опубликовано
2024 · Т. 83, № 2, С. 214-224
Язык
Казахский
ISSN
2078-8134 · 2790-7066
Издатель
Institute of Literature and Art named for M. Auezov