Central AsianResearch Index
Keruen2024

Б.БАБАЖАНҰЛЫ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ӨЛШЕМДЕР

Бұл мақалада өзінің шығармашылық қолтаңбасы қалыптасқан, соңына шәкірттер ерткен ақын Б.Бабажанұлының шығармалары талданып, көркемдік-идеялық ерекшеліктері қарастырылды. Әр жылдары жарық көрген өлеңдері ғылыми-теориялық тұрғыдан талданды. Ақынның поэзия әлеміне аяқ басқан шақтағы өлеңдерінен бастап, бүгінгі күнге дейінгі өлеңдеріне шолу жасалып, талдау жүргізуде көркемдік ерекшеліктеріне жете мән берілді. Б.Бабажанұлының ақындығымен қатар замандастар мұрасын жинаушы адал достығы мен қамқорлығы да зерттеу нысанына алынды. Сонымен бірге солақай саясатты өткір сынаған жырларының поэтикалық ерекшеліктеріне тоқталып, шындықты жеткізуде қолданған тәсілдерді, ауыз әдебиетіміздің үлгілерін қайта жаңғыртып, аңыз-әпсананың идеясын пайдалана отырып заман шындығын жырлаған шығармалары талданды. Мақалада салыстыру, топтау, психоаналитикалық әдістер қолданылды. Әдебиетті теориялық тұрғыда зерттеп, баға берген ғалымдардың еңбектері басшылыққа алынып ақынның еңбекетері бірнеше топқа жіктелді. Өткен шаққа лирикалық шегініс жасаған өлеңдеріне тоқталып, идеялық ерекшеліктері мен құндылықтары қоғамға оң қырынан әсер ететін, ұлттың рухани баюына септігін тигізетін шығармаларына талдаулар жүргізілді. Ақын өлеңдерінің философиялық, психологиялық астары терең, көркемдік және идеялық тұрғыдан сауатты жазылғандығы анықталды. Ғылыми мақаланың нәтижесін қазіргі поэзияны оқытуда, зерттеуде, насихаттауда пайдалануға болады. Бүгінгі күнгі әдебиетті зерттеуде, теориялық, әдіснамалық еңбектерді басшылыққа алауға болады.

Сведения

Журнал
Keruen
Опубликовано
2024 · Т. 83, № 2, С. 184-198
Язык
Казахский
ISSN
2078-8134 · 2790-7066
Издатель
Institute of Literature and Art named for M. Auezov