Central AsianResearch Index
Keruen2024

ФИРДОУСИ «ШАҺНАМАСЫ» ЖӘНЕ ТҰРМАҒАМБЕТ

Мақалада Ә.Фирдоусидің түркі халықтары үшін өте маңызды Иран-Тұран тарихын суреттейтін «Шаһнама» дастаны туралы сөз болады. Дастанның Орта Азия халықтарының фольклорына енуі және қазақ поэзиясы мен Шығыстық сабақтастық айтылады.«Шаһнаманы» қазақ топырағында қайта жырлап, ұлттық бояумен дамытқан ақын Тұрмағамбет Ізтілеуовтің ерекшелігі айқындалады.Әдебиеттану ғылымындағы «Шаһнама» дастанының зерттелуін негізге ала отырып, қазақ әдебиетінде шығыстық дәстүрдің қалыптасуы сараланады. Ағылшын, француз, неміс, итальян, орыс т.б. шығыстанушы ғалымдардың «Шаһнама» туралы зерттеулері салыстырылып, дастанның рухани маңызына талдама беріледі.Фирдоуси мен Тұрмағамбет екі түрлі уақытта өмір сүргенмен дастан идеясындағы үндестігі әдеби ықпалдастық, тоғысулар танымдық тұрғыдан анықталады.Шығыстық классиканы қазақ даласында нәзирагөйлік әдіспен қайта жырлаған Тұрмағамбет ақынның даралығы, дүниетанымы, суреткерлік шеберлігі, көркемдік ойлауы ашылады.Фирдоуси «Шаһнамасы» мен Тұрмағамбет арасындағы ұқсастық, үндестік екі ақынды жақындата түскені сабақтастыра салыстырылды. Әлемдік әдеби байланыстарға терең бойлап, ғылыми танымдық тұрғыдан баға беріледі, дәйектемелер келтіріледі.Фирдоуси мен Тұрмағамбеттің үндестігі зерттеу нысанына алынып, бүгінгі көзқарас тұрғысынан қарастырылды.Тұрмағамбет Ізтілеуов «Шаһнамасындағы» Шығыстық дәстүрдің қалыптасуы ашылып, ұлттық руханиятымыздағы құндылық екені дәлелденді.

Сведения

Журнал
Keruen
Опубликовано
2024 · Т. 83, № 2, С. 174-183
Язык
Казахский
ISSN
2078-8134 · 2790-7066
Издатель
Institute of Literature and Art named for M. Auezov