Central AsianResearch Index
Keruen2024

МӘШҺҮР ЖҮСІП КӨПЕЙҰЛЫНЫҢ «БІЛІМ АЛУ» ЖОЛЫ

Қазақстандағы білім алу жолын, ілім үйрететін мектеп-медреселерді, ондағы оқытылған кітаптарды, ұстаздарды тарихи өлшем тұрғысынан қарастыру бағытында ұлы тұлға, ақын, ғалым, данышпан Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының (1858-1931) білім алу жолын зерделеу арқылы көп деректің көзін ашуға болады. Осы мақсатта ХІХ–ХХ ғасырларда «білім алу» дәстүрлері жан-жақты талданып, қазіргі күні белгісіз кітап аттары мен ілім жолдары толыққанды зерттелді. Мәшһүр Жүсіп бес жасында (1863) Баянауылда Нәжмиддин хазіреттен, сегіз жасында (1866) Қамариддин хазіреттен сабақ алған. Он бес жасында (1872-1874) Исабек ишанның (1804-1883) жол көрсетуімен Түркістан мен Бұхарада, жиырма тоғыз жасында (1887) тағы да Бұхараға барып, Хамза қожа мен Мударрис (ұстаз) Сиражиддин ноғайдан «Пайи астана» мешіт-медресесінде білім алған. Отыз жеті жасында (1895) Ташкентте медресе салдырған атақты ғалым Әбілқасымханның немересі Әкрамхан төреден рухани тәлім алған. Медреселерде «Әптиекті» бітіріп барып, Құранға түсетін болған. Әптиек / Хафтияк ( هفتيک ) парс. – «жетіден бір» деген мағынаны білдіреді. «Шар» кітап (چهار کتاب) – кезінде медреселерде оқытылатын төрт кітаптың топтамасы. Олардың екеуі өлең түрінде, екеуі қара сөз түрінде жазылған. Сопы Аллаяр араб, парсы, түркі (шағатай) тілінде жазған. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы білім алған оқу орталықтарының тарихы, ұстаздарының өмірі мен шығармашылық жолы және ол қолданған оқулық әдебиеттерінің ерекшеліктерін зерттеу ХІХ ғасырдың аяғы, ХХ ғасырдың басындағы ағартушылық дәуіріндегі қазақ қоғамының «сауаттылық» ұғымының тарихын ашуға мүмкіндік береді.

Сведения

Журнал
Keruen
Опубликовано
2024 · Т. 83, № 2, С. 119-132
Язык
Казахский
ISSN
2078-8134 · 2790-7066
Издатель
Institute of Literature and Art named for M. Auezov