Central AsianResearch Index
Keruen2024

ҚАЗАҚ ПОВЕСТЕРІНДЕГІ МАЗМҰНДЫҚ, ТҮРЛІК ІЗДЕНІСТЕР

Мақалада қазақ повестеріндегі дәстүрлер мен жаңашылдық, жазушылар шығармаларының мазмұн мен түр жаңалығы контекстіндегі көркем ізденістер қарастырылды. Қазақ повестерін тақырыптық жағынан топтастыру арқылы дискурстық талдау жасалды. Мақалада повестегі ұлттық құндылықтар, махаббат, адам мен табиғат экологиясы, туған жердің табиғаты сынды тақырыптар талдауға алынды. Мәселен, повестердің ұлттық құндылықтар тақырыбын көтерген Мұхтар Мағауиннің «Тазының өлімі», «Жүйрік», «Жыланды жаз», Қабдеш Жұмаділовтің «Сәйгүліктер», махаббат тақырыбында жазылған Серік Асылбекұлының «Рәбиғаның махаббаты», Нұрдаулет Ақыштың «Сезім жетегіндегі жігіт», Талаптан Ахметжанның «Сұлу мен суретші» повестерімен қатар, адам мен табиғат экологиясы, туған жердің табиғатының қазіргі жағдайын, табиғат мәселесін көтерген Қ.Ысқақов «Бұқтырма сарыны», Қ.Жиенбаевтың «Құлан жанарындағы ғұмыр», Сайлаубай Жұбатырұлының «Әнші аралдың құпиясы», «Тамұқ төріндегі қазына» сынды повестері талданды.тАдамгершілік, махаббат мәселелеріне замандастарымыздың жеңіл-желпі қарауы, жауапкершіліктен қашуы, ар-ожданнан атақ пен даңқты жоғары қою сынды мәселелер ХХ-ХХІ ғасырлардың қасіреті ретінде көрсетілді. Мистикалық сюжеттік құпияларды қолданған шығармалар ретінде Т.Әсемқұловтың «Бекторының қазынасы» Е.Аманшевтің «Албасты туралы аңыз», Т.Ахметжанның «Нобель сыйлығы» повестері мысалға алынып, мистикалық сарынмен қазіргі прозадағы көркемдік ізденістер ғылыми сараланды. Детективті шығармаларда жанр табиғатына сай қылмыстың ашылуы, шытырман оқиғаларға толы повестер қарастырылды. Мәселен, К. Тоқаевтың «Қастандық», «Сарғабанда болған оқиға», Б. Исаевтың «Қайта тергеуші» тәрізді шытырман оқиғаға құрылған детективті шығармаларын салыстыра зерттеу арқылы ұлттық әдебиеттегі дәстүр және жаңашылдық мәселесі қарастырылды.

Сведения

Журнал
Keruen
Опубликовано
2024 · Т. 83, № 2, С. 73-86
Язык
Казахский
Цитирований
1
ISSN
2078-8134 · 2790-7066
Издатель
Institute of Literature and Art named for M. Auezov