Central AsianResearch Index
Keruen2024

«ТҰЛПАРДЫҢ ІЗІ» ФИЛЬМІ МЕН СЦЕНАРИЙІНДЕГІ КӨРКЕМДІК ДЕТАЛЬДАР: ФОТОСУРЕТТІҢ ДРАМАТУРГИЯЛЫҚ МАҢЫЗЫ

Бұл мақалада көркемдік деталь дегеніміз не, өнер, оның ішінде кинематограф шығармаларының құрылымындағы қызметі қандай деген сұрақтар бойынша зерттеу жасалады. Көркемдік детальдың әдебиет пен өнердің, соның ішінде кинематографтың кез келген шығармасының драматургиясында атқаратын қызметі өте зор. Бұл орайда детальдың драматургиялық қызметі аясының кеңдігіне, оның шығарманың тек тақырыбы пен идеясының ғана емес, кейіпкер бейнесінің ашылуына да аса ықпал ететініне назар аудару қажеттілігі туындайды. Сондай-ақ кейіпкердің ішкі әлемі мен сыртқы әлемнің өзара байланысын көрсетуде, белгілі бір көрініс немесе эпизодтың, тіпті тұтас шығарма мазмұнының ашылуында көркемдік детальдың маңызы зор екені белгілі. Осы ретте қазақ киносының классикалық шығармаларының бірі – «Тұлпардың ізі» фильмі мен оның сценарийіндегі (1964, сценарий авторы: Әкім Тарази, режиссері: Мәжит Бегалин) көркемдік детальдардың бірі – фотосуреттің драматургиялық маңызы егжей-тегжей қарастырылады. Мақала авторы әдеби сценарийдің барлық нұсқасындағы («Жанарымда – Шолпан жұлдыз» / «Вижу Венеру», «Жазира», «Тұлпар») фотосуреттің көрінісін сараптай келе, оның кейіпкер бейнесінің ашылуындағы рөлі мен драматургиялық маңызына назар аударады. Әдеби және режиссерлік сценарийдегі фотосуреттің драматургиялық маңызының фильмнің көркемдік құрылымында қаншалықты өзгерген-өзгермегені егжей-тегжей талданады. Сондай-ақ, мақалада фотосуреттің фабулалық, психологиялық, мазмұндық және метафоралық деталь ретіндегі драматургиялық қызметі сарапталады.

Сведения

Журнал
Keruen
Опубликовано
2024 · Т. 82, № 1, С. 278-291
Язык
Казахский
ISSN
2078-8134 · 2790-7066
Издатель
Institute of Literature and Art named for M. Auezov