Central AsianResearch Index
Keruen2024

МИСТИКА: ІРГЕЛЕС ЖАНРЛАРМЕН ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ МЕН КЕЙІПКЕРЛЕР ЖҮЙЕСІ

Ұсынылып отырған бұл мақалада қазақ прозасындағы мистиканың мистицизммен, фольклорлық жанрлармен, сондай-ақ мистиканың өз ішінен тармақталып жеке жанрға айналған готика жанрымен және іргелес жанрлар ғылыми фантастика, фэнтези, хоррормен байланысы қарастырылады. Мистиканың жанр ретінде қалыптасу барысында орын алған өзгерістер, сондай-ақ кейіпкерлер жүйесі қарастырылады. Мистикалық шығарманың жанрлық табиғатын айқындай отырып, ондағы шартты жиынтық сюжеттік желілерге талдау жасалады. Зерттеу салыстырмалы-типологиялық, салғастырмалы және психологияық талдау әдістері арқылы жүзеге асырылып, ішінара пәнаралық байланыс негізінде жүргізіледі. Мистикалық әдебиеттің тек әдебиеттанулық қырын ғана қарастырып қана қоймай, мистикалық прозаның теология, психология сынды ғылым салаларымен байланысына назар аударамыз. Қазақ мистикалық прозасының түркі тілдес және Бaтыс Еуропa әдебиетіндегі мистика жанрымен байланысының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтауда уақыт пен кеңістік сынды әдебиеттану категорияларына көңіл бөлінеді. Зерттеулер нәтижесінде қазақ прозасындағы мистиканың даму сипаты, әдебиеттегі рөлі мен орны, өзіндік ерекшеліктері жан-жақты айқындалып қана қоймай, өзге іргелес жанрлармен байланысы зерделеніп, өзара шекараласатын тұстары, ұқсастықтары мен айырмашылықтары талданады. Сондықтан бұл зерттеу танымал жанрлардың даму бағытын бағамдауға үлесін қосары сөзсіз.

Сведения

Журнал
Keruen
Опубликовано
2024 · Т. 82, № 1, С. 169-184
Язык
Казахский
ISSN
2078-8134 · 2790-7066
Издатель
Institute of Literature and Art named for M. Auezov