Central AsianResearch Index
Keruen2023

1946-1960 ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ДРАМАТУРГИЯСЫ (Ә.Тәжібаев пен Ғ.Мұстафин пьесалары негізінде)

Бұл мақалада қазақ драматургиясының кәсіби тұрғыда жаңадан дамып келе жатқантұсы қарастырылады. 1946-1960 жылдарды ұлттық драматургияның өркендеу дәуіріндегі үлкен екіншікезең деп бағалауға болады. Міне, осы кезеңде қазақ театры мен оның көркею жолында аянбай еңбекеткен Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, Сәкен Сейфуллиндермен қатар бірнеше жазушылардыңдраматургия саласына қалам тербегені белгілі. Солардың бірі ретінде Әбділда Тәжібаев пен ҒабиденМұстафиннің жазған пьесаларын негізге алып отырмыз. Бүгінде бұл автордың пьесалары театррепертуарында кездеспейді. Себебі уақыт өткен сайын саяси-әлеуметтік ортаның, жалпы танымныңөзгеруіне байланысты пьесалар құндылығын жойып келеді. Дегенмен, кәсіби қазақ драматургиясыныңбастамасында тұрған авторлар мен олар жазған пьесалар өз уақытында үлкен құрмет пен танымалдыққаие болған. Сондықтан да ұлттық драматургияның тарихын зерттеу барысында кәсіби жазушылыққабілетімен, драматургиялық көркем оқиға құра білгендігімен Әбділда Тәжібаев пен ҒабиденМұстафиннің «Гүлден дала», «Миллионер» пьесаларын негізге ала отырып, қазақ драматургиясыныңтарихына баға беріледі. Пьесаға драматургиялық талдау жасалып, көркемдік құрылымы қарастырылады.Кейіпкерлер ансамблін құру, оқиғаны көркем түрде жеткізе білу, комедиялық элементтерді ұтымдықолдана білу сынды талаптар бойынша сараланады. Автор драматургтің көне сахналық шығармаларынзерттеп, қайта қарастыру арқылы бүгінгі заманауи пьесалардың ұтқан, ұтылған тұстарына сараптамажасайды. Нағыз драматургиялық шығармалардың озық үлгілеріне арнайы параметрлер арқылымысалдар келтіреді.

Сведения

Журнал
Keruen
Опубликовано
2023 · Т. 81, № 4, С. 295-305
Язык
Казахский
ISSN
2078-8134 · 2790-7066
Издатель
Institute of Literature and Art named for M. Auezov