Central AsianResearch Index
Keruen2023

ҚАЗАҚ ӨНЕРТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ АКАДЕМИГІ

Академик Ахмет Жұбанов отандық музыкатану және кәсіби музыкалық білімнің негізінсалған тұлға, жазба дәстүріндегі композиторлық мектептің іргесін қалаушылардың бірі, қазақтың ұлтаспаптар оркестрін құрған тұңғыш дирижері болғандықтан, оның әртүрлі бағыттағы шығармашылығықамтылған еңбектер жазылған. Дегенмен оның ҚР ҰҒА құрылтайшыларының қатарындағы ерен еңбегікөлеңкеде қалып келеді. Солардың қатарында тек ҰҒА қабырғасында атқарылған КССР ҒА қазақстандықфилиалынан бастау алған өнертану секторының құрылуына, меңгеруші ретінде оның тізгінін ұстап,дәстүрлі музыканы жинақтап, зерттеп, насихатталуына, ғылыми ұлттық кадрларды дайындауда,диссертациялық кеңестің ашылуына, диссертациялардың қорғалуына, ғылыми-танымдық, музыкалық-этнографиялық еңбектердің жарыққа шығуына және т.с.с. сан алуан мәселелердің түйінін тарқатып, бірізге түсіріп, орнықтырып, дамуына қосқан үлесі туралы көрініс тапқан еңбектер жоқтың қасы. Осығанорай ҚР ҰҒА жүйесінде А.Қ.Жұбановтың ғылыми-ұйымдастырушылық қызметін зерттеу мақаланыңнегізгі мақсаты болып табылады. А.Қ.Жұбановтың шығарған еңбектерінің маңызын ұғыну, ғылымиорта қалыптастыру, ізбасарларды дайындау, қазақ музыка өнеріндегі көшбасшылық қабілетімен қатар,жалпы өнертану саласының көшбасшысы ретінде қосқан үлесін тану мәлелелері мақаланың ғылыми-практикалық маңыздылығын көрсетеді. Тарихи-теориялық тұрғыдан талдауға алынған Академик АхметЖұбановтың ҚР ҰҒА жүйесінде атқарған ғылыми-ұйымдастырушылық қызметі, өнегелі істі келешекұрпаққа дәріптеу, ұлттық өнерге риясыз еңбек ету жолын зерттеу барысында анықталған мағлұматтарзерттеудің құндылығын көрсетеді.

Сведения

Журнал
Keruen
Опубликовано
2023 · Т. 81, № 4, С. 273-284
Язык
Казахский
ISSN
2078-8134 · 2790-7066
Издатель
Institute of Literature and Art named for M. Auezov